Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қазалыда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Биыл Қазалы қаласындағы 10 көше қайта жаңғыртылудан өткізілуде. Олардың қатарында С.Толыбеков, З.Бұлақбаев, Аманкелді батыр, Бекетай би, Қ.Рысқұлбеков, Ы.Алтынсарин, А.Қыстауов, Б.Момышұлы, Г.Шляпин, С.Мұқанов көшелер бар.

Ұзындығы 8,2 шақырымды құрайтын жолды жөндеу үшін «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» жобасымен республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.

Барлық көшедегі жол жөндеу жұмыстарымен «Кочевник» ЖШС-ның жолшылары айналысуда. Қазіргі таңда олар З.Бұлақбаев көшесін жөндеп жатыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласына сапары кезінде осындағы жол жөндеу жұмыстарымен де танысты. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай жол жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы мен атқарылуы тиіс жұмыстар туралы аудан басшысына егжей-тегжейлі айтып берді.

Аудан басшысы серіктестік директорының орынбасары Шаймерден Махантаевқа белгіленген жұмыстар уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс екендігін қатаң тапсырып, бұл жұмыстар өзінің жеке бақылауында болатындығын жеткізді.
04 маусым 2021 ж. 1 050 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031