Ән көгінде қалықтаған
Қазалы аудандық мәдениет орталығында Арықбалық ауылдық округі әкімінің қолдауымен, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ән көгінде» атты шығармашылық кеш өтті. Оны халықаралық сайыстардың лауреаты Мадияр Серік Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.
Тағылымды кеште аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы мен Арықбалық ауылдық округі әкімі Мәулен Кайруллаев құттықтау сөз сөйледі. Оған аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың атынан Алғыс хат және қазақтың киелі ұлттық домбырасын табыстады.
Салтанатты шараны жүргізген Мөлдір Малдыбаева алдымен Мадияр Серіктің шығармашылығынан дайындалған бейнероликпен таныстырды.
Өнер кешінде «Мен қазақтың баласы», «Как молоды мы были», «Аллелуйя», Испания қаласында орындаған әні Стивен Липсонның «Ил Мондо», «Любовь уставших лебедей» тағы басқа да әндер шырқады. Мадияр алдағы уақытта жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әрдайым көк туымызды шет елде желбірете береріне сенім артамыз.
Ғ.АЛДАМУРАТОВА,
Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі