Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент өндіру туралы дау бітістіруші судья көмегімен реттелді

Алимент өндіру туралы дау бітістіруші судья көмегімен реттелді

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Г.-ның жауапкер Ж.-ға қатысты кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы Г. жауапкер Ж.–ға кәмелетке толмаған балаға алимент өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, онда жауапкер екеуінің араларында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар екендігін, сот бұйрығымен жауапкерден балаларын асырауға алимент өндірілгендігін, алайда борышкердің қарсылығы негізінде алимент өндіру туралы сот бұйрығының күші жойылғанын, соттан кәмелет жасқа толмаған балаларына жауапкерден барлық табысының түрінен және басқа да кіріс көздерінен 1/3 бөлігін балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін өндіруді сұраған.
Аудандық соттың бітістіруші судьясы Қуаныш Мыхановтың татуластыру рәсімін өткізу барысында талап қоюшы мен жауапкер арасында дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.
Бітістіруші судьяың түсіндірмелерінен кейін, жауапкер кәмелетке толмаған балаларды асырауға талапкердің пайдасына алимент төлейтін болып, ал талапкер жауапкерге қойған талап арызынан бас тартты.
Сот ұйғарымымен тараптардың келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
22 қараша 2018 ж. 1 743 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031