Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер заңсыз аң аулағандарды ұстады

Полицейлер заңсыз аң аулағандарды ұстады

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылына қарасты Қазанбай деп аталатын учаскеде «Тоуоta Land Cruiser» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында 2 бас қарақұйрық, 33 бас құм қояны, екі дана 12 калибрлі 1 ұңғылы мылтықтары заттай дәлелдемелер алынды.

Осыған байланысты күдікті 32- 33 жастағы екі азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, жинақталған материал Жалағаш аудандық сотына жолданған.

Жалағаш аудандық сотының 24.10.2018 жылғы Үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2,4 тармақтарымен сотталушылар Н.Ж. мен Е.Х. екеуі 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылауға алынған.

Сонымен бірге, сотталушылардан мемлекет пайдасына 8 млн. 729 мың 978 теңге және 3 млн. 284 мың 378 теңге залал өндіруге үкім шығарылған.

Сондай-ақ, осы үкіммен «Тоуоta Land Cruiser» маркалы автокөлігі, екі дана 12 калибрлі 1 ұңғылы мылтықтары мемлекет пайдасына тәркіленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.10.2006 жылғы №1034 қаулысына сәйкес, қарақұйрық аңы – жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
27 желтоқсан 2018 ж. 1 093 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 132

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031