Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыс оң болсын!

Ұлыс оң болсын!

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды ырыс пен берекенің бастауы, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де ел еңсесі биіктігінің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақ елінің Тәуелсіздігімен бірге қайта жаңғырып, халықаралық мәртебеге ие болған бұл мейрам бүгінде елдің бірлігіне, татулығына, тұрақтылығына қызмет етіп келеді.
Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Халқымыз барлық игі істі ырымдап осы күні бастағандықтан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Сондықтан біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке кемел жоспар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.
Халқымыздың ертеңгі күнге сенімін арттыратын, жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отырып, ынтымақ-бірлікті одан әрі жарастыратын, ата-бабамыздың ұлы мұрасы – салт-дәстүрді ұстанып, бірлік пен берекені сақтау үшін игі істер жасауға мүмкіндік беретін күн.
Бұл күн кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Жан-дүниемізді шуаққа бөлеп, ой-ниетімізді ізгі арнаға бұрады.
Жалпықазақстандық рухани құндылықтарды нығайтатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, ынтымақ-бірлікті арттыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен тұжырымдама негізінде биылғы Наурыз мейрамы он күн бойы аталып өтіледі. Наурыздың жас ұрпақты ата дәстүр негіздерінде тәрбиелеуде де алар орны ерекше.
Адамды ұлты мен нәсіліне, тілі мен діліне бөлмейтін, бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесі әр шаңыраққа құт-береке мен шаттық әкелсін. Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, тың бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын!

Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
20 наурыз 2021 ж. 4 522 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930