АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды ырыс пен берекенің бастауы, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де ел еңсесі биіктігінің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақ елінің тәуелсіздігімен бірге қайта жаңғырып, халықаралық мәртебеге ие болған бұл мейрам бүгінде елдің бірлігіне, татулығына, тұрақтылығына қызмет етіп келеді. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Халқымыз барлық игі бастама мен ұлы істі ырымдап осы күні бастағандықтан, «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Сондықтан бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке кемел жоспар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.
Бұл халқымыздың болашаққа сенімін арттыратын, жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отырып, ынтымақ-бірлікті одан әрі жарастыратын, ата-бабаларымыздың ұлы мұрасы – салт-дәстүрді бағалап, бірлік пен берекені сақтау үшін игі істер жасауға мүмкіндік беретін күн. Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Ол біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлеп, ой-ниетімізді ізгі арнаға бұрады. Наурыздың жас ұрпақты ата дәстүр негіздерінде тәрбиелеуде де алар орны ерекше.
Адамды ұлты мен нәсіліне, тілі мен діліне бөлмейтін, бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесі әр шаңыраққа құт-береке мен шаттық әкелсін. Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, тың бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!

Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ