Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтты болсын, наурыз мерекесі!

Құтты болсын, наурыз мерекесі!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Абай ауылдық кітапханасында «Кең болсын қазағымның керегесі, құтты болсын Наурыз мерекесі!» атты ойын-сауық кеші өткізілді.
Бұл шара шәкірттерге Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және ұлттық ойындарды насихаттауға арналды.
Ұлттық киім киінген балғындардың бір-бірімен ақжарқын жүзбен төс қағыстырып көрісуімен басталған салтанатта 5 сынып оқушылары «Тұсау кесер» дәстүрін, «Тымақ ұру», «Бүркіт», «Ақ сандық пен көк сандық», «Аударыспақ» ұлттық ойындардын көрсетті. «Балдырған» би тобы «Ұршық» биін билесе, Амантай Жәния «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін орындады. Сонымен бірге Әсел Молдаш «Ұлтымыздың ұлық тойы осындай» өлеңін нақышына келтіре оқыды. Кеш соңында дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм татылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
19 наурыз 2018 ж. 3 638 0

Өңір шежіресі мен тарих

15 қыркүйек 2026 ж. 4

Тазалық – тәртіптің айнасы

15 қыркүйек 2026 ж. 15

Ауылдағы арайлы кәсіп

15 қыркүйек 2026 ж. 4

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930