Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Елбасы медалін» иеленді

«Елбасы медалін» иеленді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы бойынша 2020 жылдан бастап «Ел Үміті» бағдарламасы аясында «Елбасы Медалі» жобасы жүзеге асырылып келеді.
Жаңашылдыққа жаны құмар, танымдық білімдерін арттыруға ниетті жастарға арналған «Елбасы медалінің» қола жүлдегерлері анықталды. Үздіктердің қатарында көрінген ауданның 3 оқушысы «Елбасы медалін» иеленді.
«Елбасы медалін» табыстау шарасында Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Назымбеков Күнтілес Айдарбекұлы білімімен дараланып, жоба аясында белсенділік танытқан, еңбектену арқылы өз қабілетін таныта білген Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Аралбаева Баян Аманбекқызын, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің 10-сынып оқушысы Асамбекова Бегзада Мұратқызын, №25 орта мектептің 10-сынып оқушысы Кенжебекқызы Дариғаны марапаттап, сәттілік тіледі.
Шара соңында «Елбасы медалінің» иегері №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Аралбаева Баян Аманбекқызы жоба барысында өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға үйренгендігін жеткізді. Ал, №25 орта мектептің 10-сынып оқушысы Кенжебекқызы Дариғаның анасы Қосбармақова Гулбағида балалардың үнемі өз-өзін дамытуына арналған бірегей жобаны ұйымдастырушы Елбасы Қорына өз алғысын білдірді.
15 наурыз 2021 ж. 2 887 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 43

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 32

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 57

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031