Гүлшара Әбдіқалықова: «Індетпен күрес шаралары әлі жалғасуда»
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың халық алдында есеп беру кездесуі өтіп жатыр.
– Өткен жыл еліміз үшін өте күрделі болды. Әлемдік пандемия қалыпты тіршілігімізге айтарлықтай әсер етіп, экономикамыздың даму үдерісін тежеді. Қызметтің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Әлемді шарпыған бұл індет біздің аймағымыз үшін де үлкен сынақ болды, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Дегенмен, қай кезде де қиындыққа мойымаған Сыр халқының бұл жолы да табандылық танытып, бір-біріне қолдау білдіргенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөліп, нақты шешімдер қабылдады. Індетпен күрес шаралары әлі жалғасуда. Өйткені коронавирус әлі толықтай ауыздықталған жоқ, – деді өңір басшысы.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы «жасыл аймақта». Эпидемиологиялық күрделі жағдайдың алдын алу бағытында дайындық жасалды.
syrboyi.kz