Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – саулық негізі

Тазалық – саулық негізі

Кез келген гүлденген мекеннің басты айқындаушы көрсеткіші көркін келтіретін тазалық пен қоғамдық тәртіптің тұрақты болуы. Әрбір тұрғын мейілінше мәселеге жауапты қарап, ауданның ауасы таза, көшесі келісті болуын өз ауласынан бастаса өлке өміріне жаңа дем бітер еді.
Алайда тазалық мәселесі Қазалы ауданында күн тәртібінен әзір түсер түрі жоқ. Кикілжің көпшіліктің түсінігінде болып тұр. Аудан тазалығы бір мекеменің қолына емес, тұрғындардың өзіне тікелей байланысты екені естен шығып кететінге ұқсайды. Әйтпесе ағаш отырғыз деп қазылған арықтың бойы шыны-шөлмекке, балаларға арналған ойын алаңы темекі тұқылына толып жатпауы тиіс еді.
Осы орайда ауласынан шыққан қоқысты есігінің алдына шығарып, әр электр бағаналарының түбіне қоюды әдетке айналдырған кент тұрғындарына арнап Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінің көшелеріне 17 қоқыс контейнерлері қойылды. Енді ешкім сылтауға сенбейді. Себебі тұтынған дүниеден қалған қоқыс-қалдықты көше бойына қотара салмай, контейнерге апарып салу әркімнің ішкі мәдениетіне байланысты болып қалды.
Кезінде мұның алдын алу үшін Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров қызметкерлерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізсе де көшеге қоқыс тастаушылардың қатары азаймай отыр. Тіпті аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырылып, тәртіп бұзған тұрғындарға айыппұл салынды.
Жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кенті бойынша Жанқожа батыр және Р.Бағланова көшелерінің бойына қоқыс тастауға арналған контейнерлер орналастырылды.
Енді кент тұрғындары үйден шыққан тұрмыстық қатты қалдықтарды көше бойына тастамай, арнайы жәшікке салса болады.Тазалық – баршаға ортақ екені барлығына белгілі. Еңкеюге ерінбейік!
Жасын СҮГІРӘЛІ
23 қаңтар 2021 ж. 3 294 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 138

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 131

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031