Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі күннен кейін Жерде магниттік дауыл болуы мүмкін

Екі күннен кейін Жерде магниттік дауыл болуы мүмкін

Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.
Екі күннен кейін Жерде магниттік дауыл болуы мүмкінФото: Depositphotos.com
Күндегі короналдық тесіктің әсерінен 29-30 қазан күндері Жерде геомагниттік ауытқулардың жаңа толқыны болуы мүмкін. Алайда әзірге магниттік дауылдардың туындау ықтималдығы төмен деп бағаланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Есептеулер бойынша 28 қазан, сәрсенбіден бастап Жер кезекті короналдық тесіктің әсер ету аймағына енеді. Осыған байланысты бейсенбі және жұма күндері геомагниттік ауытқулардың жаңа толқыны күтіледі. Дегенмен магниттік дауыл деңгейіне жету ықтималдығы әзірге төмен деп бағаланып отыр, – делінген хабарламада.
Мамандардың есептеуіне сәйкес, Күн желінің жылдамдығы секундына 600 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Бұл қалыпты деңгейден шамамен 50 пайызға жоғары. Алайда мұндай көрсеткіш әдетте қауіпті, яғни қызыл аймаққа өтуге жеткіліксіз.
27 қазан 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031