Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

Бүгін Қазалы ауданында ұлттық мереке - Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
Аудан орталығындағы Рәміздер алаңында өткен салтанатты шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов пен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен аудан жастары қатысты.
Ұлттық мерекеге арналған жиында Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды. Мұнан соң аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын Республика күнімен құттықтады.

-Бүгінгі күн – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке. Биыл біз ұлттық мерекені еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтудеміз. Президентіміз айтқандай биыл еліміз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес, еліміздің бір палаталы жоғары заң шығарушы органы – Құрылтай құрылды. Мемлекет басшымыздың Жарлығымен жоғары консультативтік орган – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылып, өз жұмысын бастады. Жуық арада ғана Мемлекет басшымыз барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойып, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашаға белгіледі. Президентіміздің бастамаларымен жүзеге асып жатқан бұл реформалардың барлығына қазалылықтар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, үлкен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, атсалысып келеді. Кеше облыс орталығында өткен Республика күніне арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы бірқатар жерлестерімізге мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазалының бірлігі бекем жұртшылығына, туған жердің өркендеуі үшін адал еңбек етіп жүрген барша азаматтарға берілген ортақ бағасы. Сыр өңірі Тәуелсіз Қазақстанмен бірге жасай берсін. Барлық бастамаларымыз баянды болғай. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің абыройы асқақтай берсін, - деді аудан басшысы.
Мұнан соң мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жиылғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған патриоттық шаралар еліміздің барлық аймақтарында өтуде.
25 қазан 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031