Бүгін еліміздің он қаласында ауа ластанады
Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе көлік жолдары маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
Бүгін, 27 қазанда Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.
Бүгін, 27 қазанда Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астанада күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе көлік жолдары маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн. Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруі керек. Сондай-ақ ашық ауадағы дене белсенділігін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.









