Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күнінде қазалылықтарға мемлекеттік наградалар табысталды

Республика күнінде қазалылықтарға мемлекеттік наградалар табысталды

Бүгін Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың қатысуымен еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік шара барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар қазалылық азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды.
Салтанатты жиында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев аудан әкімі Алмасбек Есмахановқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, туған жердің өркендеуі жолындағы еңбегі үшін мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.
Сонымен қатар, жерлесіміз, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасов «Құрмет» орденімен, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев пен «Қазалы темірбетон бұйымдарын шығару зауытының» директоры Сәбит Өтегенов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мемлекеттік наградалар – ел дамуына үлес қосып, халық игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегіне берілген лайықты баға.
Ел игілігі жолындағы еңбектері лайықты бағаланған барша жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Мәртебелі марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болып, ел дамуы жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!
Республика күні құтты болсын!
25 қазан 2026 ж. 34 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031