Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда қаңғыбас жануарлар қалмады: иттер мен мысықтар қайда жіберілді?

Түркияда қаңғыбас жануарлар қалмады: иттер мен мысықтар қайда жіберілді?

Түркияда көшеде жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Anadolu Ekspres басылымының мәліметінше, қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары екі кезеңде жүргізілген. Алдымен бұл шаралар ірі мегаполис мәртебесі жоқ провинцияларда жүзеге асырылып, кейін елдің ірі қалаларында жалғасқан.
Осы жұмыстар аясында жергілікті билік органдары мен тиісті қызметтер жануарларға арналған панажайлар салып, олардың тіршілік етуіне қолайлы арнайы аумақтар ұйымдастырған.
Ауланған жануарлардың бір бөлігі жаңа иелерін тапса, қалғандары панажайлар мен арнайы бөлінген аймақтарға орналастырылған. Сонымен қатар оларға ветеринариялық көмек көрсетіліп, стерилизациялау шаралары жүргізілген.
Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчидің айтуынша, соңғы қаңғыбас жануар 2026 жылғы 21 қазанда Диярбакырда ауланған. Осылайша, елдің барлық провинциясында көшедегі қараусыз иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары аяқталған.
Айта кетейік, 2024 жылғы 30 шілдеде Түркия парламенті қаңғыбас жануарларға қатысты заң қабылдаған болатын. Жаңа заң аясында жергілікті билік органдарының міндеттері қайта қаралып, жануарларды аулап, стерилизациядан өткізгеннен кейін қайтадан көшеге жіберу тәжірибесі өзгертілді.
Бұған дейін Португалиядағы ең ірі мемлекеттік ауруханалардың бірінде науқастарға үй жануарларымен кездесуге рұқсат берілгені хабарланған еді. Ұзақ уақыт ем қабылдап жатқан адамдарға қолдау көрсету мақсатында ауруханада Pets and Company жобасы іске қосылған.
26 қазан 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031