Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Брюссельдегідей болмай тұр

Брюссельдегідей болмай тұр

Көктем – тазалық таразыланатын мезгіл. Бұл уақытта оған жауапты мекемелердің жұмысы көбейеді. Апта сайын сенбілік ұйымдастырылып, көріктендіру шаралары қызады.

Десек те тазалық сақтауға ат үсті қарайтындар азаймай тұр. Қоқысты кез келген жерге тастап кететіндер жиі кездеседі. Әсіресе, қоғамдық орындарға жаны ашымайтындар көбейген.

– Қоқысты жол бойында немесе үй ауласына тастау дұрыс емес екенін үлкен-кіші жақсы біледі. Бірақ ынта танытпайды. Ауданымызда әлі де тазалық пен экологиялық мәдениеттің орнықпай келе жатқаны өкінішті. Біз қоқыс тастаған зейнеткерді көргеніміз жоқ. Керісінше жастардың бейқамдығы қынжылтады. Әкімшілік кодекс бабына сәйкес мұндай ұсақ бұзақылық үшін айыппұл салу немесе он тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Белгіленбеген орында темекі шегіп, оның тұқылын тастағандар да айыппұлдан тыс қалмайды, – дейді полиция қызметкерлері.

Әйтеке би кенті көшелеріндегі шашылған қоқыстарды тазалау «Көркем Сервис» серіктестігіне қиындық туғызуда. Бұл мекеме жұмысшылары тәр­­тіп бұзған тұрғындарға бірнеше рет ескерту де беріпті. Бірақ «күл-қоқысты жинау міндеттерің» деп мәдениеттілікке мән бермеушілік әлі күнге тыйылар емес.

Шындығында аудан тұрғындар арасында тазалыққа немкеттілік айқын аңғарылады. Осы орайда елді мекендердегі мәселе қордалана түскен. Мысалы, Қазалы қаласы мен Абай ауылы орталығындағы аумақ тұрғындардың қоқыс төгетін алаңына айналып барады. Сонда мұнда қатты қалдықтарды кім тастап жүр? Қоршаған ортаның ажарына залал келтіргендерге тыйым салынар емес. Соның салдарынан үйінділер көлемі күннен күнге көбейіп келеді. Тұрғындар арасында бұл келеңсіз көрініске жүрдім-бардым қараушылық басым. Белгіленген аумақты тек сенбілік жүргізуге шыққан мекеме ұжымдары ғана тазалайды. Ашығын айтқанда, Еуропадағы қоқыс жинау мәдениетін бізге үйрену керек сияқты. Айта кетсек, Брюссельде қоқыстар үш түрлі дорбаға сұрыпталып салынады екен.

Кез келген адам ұқыпты болса, бұл мәселе өзекті болмас еді. Ол үшін күл-қоқыс тастайтын жәшіктермен тұрғындарды толық қамтамасыз етуге әлде де көңіл бөле түскен жөн. Жалпы тазалыққа жауапты қызметтегілер өз жұмысын мінсіз атқаруға күш салып келеді. Ендігі жерде баршамыз жанашырлық танытып, өмір сүрген ортамыздың тазалығы мен көркін сақтау өз қолымызда екенін естен шығармасақ екен дейміз.

Құттыбике НҰРҒАБЫЛ

27 сәуір 2019 ж. 1 577 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930