Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жағдайды жақсартқан жоба

Жағдайды жақсартқан жоба

Жаңа бизнес-идеяны іске асыру қағидасына сай “Бастау бизнес” жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен, болмаса қайта даярлау оқуын аяқтаған жұмыссыз қайтарымсыз грантты иемденеді. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, оралман мен қоныс аударушыға “Бастау бизнес” жобасы мен кәсіпкерлік негіздерін меңгермей де грант ала алады. Кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде жеке кәсіпкер мәртебесі бір жылдан кем болмауы тиіс. Өтеусіз негізде берілетін 555600 теңге еңбек құралдарын, технологиялық жабдық, төрт-түлік, құстарды сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге коммерциялық жылжымайтын мүлік пен сауда объектілері, жалға алу мен пайдалану ақысы ретінде нысаналы мақсатта беріледі. Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсаттарға, несие қарызын өтеуге, тұрғын үй сатып алуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне арналмаған.
Аудандық Жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Әділхан Әбіловтың айтуынша, грант қатысушыға бір мәрте ғана беріледі. Кәсіп ашуға арналған қаражатты алу үшін әуелі өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, оралман болса, куәлігі қажет және бастапқы кәсіп жоспары әзірленгені жөн.
“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы қаулысына өткен жылы өзгерістер енгізілді. Өтеусіз қаражатты қаншама мұқтаж жан алып, өз кәсібін ашты. Қазалылық Жанат Бидіәліқызы да мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің игілігін қуана көруде. Ол Қ.Ерімбет көшесінің бойында орналасқан екіқабатты үйдің үш бөлмесінде 5 баласымен күн кешіп жүрген жұмыссыз еді. Қазір қайтарымсыз қаражатқа "Жанат" атауымен жеке кәсібін ашып дөңгелетіп отыр.
– Жұмыссыздарға қолдау ретінде ойластырылған бағдарламаға дән ризамын. Бұл не істерін білмей отырғандарға зор демеу. Маған берілген ақшаға арнайы пеш, комбайн, вафельница мен миксер алдым. Оның өзі болса да қыруар жұмысымды жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге және молырақ өнім дайындауға жеңілдік береді. Мектеп қабырғасында жүргенімде кондитерлік тәттілерді дайындау курсын оқығанмын. Арнайы сертификатым да бар. Соның арқасында торт, самса, манты, пигоди, пирожки, лепешка, булочки мен чебуректер тапсырыспен дайындаймын. Дамылдауға болмайды. Демалыссыз күнделікті 2 үлкен табақпен қамыр илеп қоямын.
Әр таң сайын Аллаға шүкірлігімді айтамын. Балаларымның несібесін молайтуын сұраймын. Шынайы ниет пен тынымсыз еңбектің арқасында уақытында салығымды төлеп тұрмын. Барша маған көмектескен мамандарға алғысым шексіз, – дейді көпбалалы ана.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 қаңтар 2021 ж. 2 577 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031