Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтарымсыз қаржының қауқары

Қайтарымсыз қаржының қауқары

“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы қаулысына осы жылы өзгерістер енгізілді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қағидалар бойынша “Бастау бизнес” жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен, болмаса қайта даярлау оқуын аяқтаған жұмыссыз, қайтарымсыз грант алуға үміткер болып табылады. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, оралман мен қоныс аударушыға “Бастау бизнес” жобасы мен кәсіпкерлік негіздерін меңгермей-ақ грант ала алады. Кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде жеке кәсіпкер мәртебесі бір жылдан кем болмауы тиіс. Өтеусіз негізде 555600 теңге көлемінде берілетін қаражат еңбек құралдарын, технологиялық жабдық, төрт түлік, құстарды сатып алуға, сонымен бірге коммерциялық жылжымайтын мүлік пен сауда объектілері, жалға алу мен пайдалану ақысы ретінде нысаналы мақсатта беріледі.
– Бизнес-идеяларға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, несие қарызын өтеуге, тұрғын үй сатып алуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне берілмейді. Сондай-ақ грант қатысушыға бір мәрте ғана беріледі. Кәсіп ашуға арналған қаражатты алу үшін әуелі өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, оралман болса, куәлігі қажет. Сондай-ақ бастапқы кәсіп жоспары әзірленгені жөн, – дейді аудандық Жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Әділхан Әбілов.
Әділхан Базарбайұлының мәлімдеуінше, бағдарламаға сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға 935 адамға 513,0 миллион теңге қаржы қаралды. Осы күні 50 адам 530200 теңгеден, 495 адам 555600 теңгеден барлығы 545 адам мемлекеттік грант алып қолға алған кәсіптерін дөңгелетуде. Сонымен қатар 100 адам комиссия қарауында, қаржысы алдағы уақытта берілетін болады.
Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің игілігін аудан тұрғындары Бақытгүл Айжігітова, Ғалымжан Баекеш пен Жарқынай Әлімбетова көріп отыр. Бірі атакәсіп мал ұстауды көздесе, екіншісі қолөнерді жаңғыртуда.
Атап айтқанда Бақытгүл қайтарымсыз қаржыға бір бұзаулы сиыр мен қашар алып бағуда. Сүтін сауып, айран ұйытып, құрт жасап табиғи дәруменді пайдалануда. Мал ұстасаң берекесі мол екенін жақсы түсінген ол ірі қара басын көбейткісі бар.
Ғалымжан да жүні мен сүті пайдалы, еті жеңіл әрі тез көбейетін төл қатарында деп 24 бас ешкі сатып алған. Қазір қорасын үлкейтіп, қысқа ыңғайлауда. Қажетті жем-шөбін алып, мал басын көбейту үшін бар жағдайын жасауда.
Жарқынай Әлімбетованың да қуанышында шек жоқ. Жалғызбасты ана Үкімет бөлген қаражатқа екі тігін машинасы мен үтікке қол жеткізді. Бүгінде тұрақты тұтынушылары бар ісмер ана ат әбзелдері мен қыз жасауын, құрақ көрпе тігумен айналысады. Пәтер пұлы мен тұрмысқа қажетті күнделікті қаржысын ешкімге қол жаймай тынымсыз еңбегімен тауып отыр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
17 қараша 2020 ж. 884 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930