Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саумалды сауда көзіне айналдырған

Саумалды сауда көзіне айналдырған

Елбасы «Nur Otan» партиясының съезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар тобына әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша тапсырмалар берген болатын. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында елеулі мемлекеттік бастамалар ұсынды. Осыған орай ауылдағы аналардың бизнес-идеясына берілетін қайтарымсыз грант көптің көңілінен шығуда. Бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және табысын арттыруға септігін тигізеді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалы арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жеке кәсібін ашқысы келетін көпбалалы отбасылар үшін өтеусіз грант берілуде. Оның игілігін көргендер өз ісін бастап та кетті.

Гүлжахан Қартабаева көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз 500 мың теңге мемлекеттік грант берілетінін ести салысымен “Бастау бизнес” оқу курсына тіркеледі. Кәсіпкер ана өткен жылы бұл қаражат тек қана құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған болса, биыл құс пен мал алуға болатынына ерекше қуанды. Шилі ауылында туып-өскен оған мал ұстау жат емес-тін. Қазалыдағы қайын жұрты да төрт түлікті түлетіп жүргендер қатарында. Ата-енесі мен жұбайы Жалғас сыртта мал шаруашылығымен айналысқан. Құдай қосқан қосағымен бірге ұл-қыз тәрбиелеп, өсірді. Алайда тоғыз жыл бұрын жан жарынан қапияда айрылған ана ағайын-туыстың арқасында Әйтеке би кентінен үй алды. Қазір жалғыз өзі үлкен отбасын асырап отыр.

Бүгінде далалық жерде қара жұмысты қопарып, мал сауып, құрт қайнатқан бесаспап әйел төрт түліктің киесі мен берекесін түсінеді. Мемлекет берген өтеусіз грант 505000 теңгеге екі бие алып, оның өнімін қазалылықтарға ұсынуда. Түскен қаражатты жылқының жем-шөбіне жұмсайды. Ортақ шаруашылықты жүргізуге балалары көмектеседі. Оларға кәсіп ашып, оны дамытудың қыр-сырын үйретіп, төрт түлікті баптай білуге бейімдеп жүр.

“Ата кәсіптің түсінген жанға берері мол. Дастарқаныңнан несібе үзілмейді. Ет өнімі мен ағарғанды табиғи тұтынған пайдалы. Кәсіпкерлік ісін жүргізу курсын оқығаннан кейін бизнес сауатым ашылды. Сабақта кіріс пен шығысты қалай есептеп, шаруашылығыңды иіріп әкетудің түрлі жолдары түсіндірілді. Қазір игілігін көріп отырмын. Жылқылардан бөлек азын-аулақ уақ мал мен тауық асыраймын. Жалқауланбай еңбек етсең күнкөріс көзі табылады”,– дейді ол.

Биыл жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табысын арттыру үшін көпбалалы ауылдықтарға жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттардан бөлек, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіпкерлікті дамытуға микрокредиттер бөлінеді деп күтілуде. Бұл жаңалық Гүлжахан Оразғалиқызының үмітін үкілеп отыр. Ол алдағы уақытта бүгінгі шаруасын үлкейтіп, сүтті бие алуды көздеуде.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
05 қазан 2019 ж. 1 929 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930