Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіп түбі – нәсіп

Кәсіп түбі – нәсіп

Әркез мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша қайтарымсыз грант бөлініп, 505000 мың теңге қаржы берілді. Мұндай өтеусіз қаражатқа жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар қол жеткізді. Берекелі игілікті Әйтеке би кентінің тұрғыны Жасұлан Прімбетов те көрді. Қазір ол бөлінген ақшаға екі жабағы алып, баптауда.

– Аталған жобада оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартап танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуімен өтті. Осы арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алды. Оған қатысқандар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грантпен қаржыландыру мүмкіндігіне ие болды. Жоба аясында іріктеуден өткен үміттілер өздерінің кәсіптерін комиссия мүшелерінің алдында қорғады.
505 мың теңге бұл тұрғындарға сәл де болсын көмек, шағын кәсіп ашуға едәуір жеңілдік болмақ. Ол үшін артылған үміт пен жауапкершілікті ұғыну керек. Себебі кез келген кәсіпкер жедел кәсібін дөңгелете алмайды. Ол үшін тынымсыз еңбектеніп, ізденіс үстінде болған абзал. Бұл жоба бойынша жас кәсіпкерлер ірі-ірі кәсіп иелерінен сабақ алып, жеке бизнес бағытында мол мағлұматқа қанықты, – дейді Жасұлан.
Бүгінде жас кәсіпкер жеке ісін дамытуға күш-мүмкіндігін жұмылдырған. Әріптестеріне бизнес жоспары дайын, бірақ қаражат қол байлау болса, міндетті түрде “Бизнес бастау” оқу курсына қатысып қайтарымсыз грант алу жолында бағын сынауға кеңес береді.
– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Сондықтан да кәсіпкерлік негіздері аясында білім алып, сол бағытта өз ісін өрістетемін деушілерге әрқашан да қолдау бар, – дейді Жасұлан.
Үміткер «Бизнес бастау» жобасында 25 күндік оқу аяқталған сәттен бастап бизнес жоспарын әзірлейді. Егер жоспарды әзірлей алмаған жағдайда аудандық кәсіпкерлік палатасы бағдарлама шеңберінде көмектеседі. Бұл бағытта 25 күн бойы оқығандарға бір жолғы степендия төленеді.
Айта кетейік, мұнда белгілі бір кәсіпті игермейсіз. Тек бизнес-тренерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, саладағы заңнамалар, маркетинг стратегия, салыққа қатысты мәліметтерден хабардар етеді.
Жасұлан Абайұлының айтуынша, оқу курсы өз ісін бастаушыны жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге, бизнес-жоспарларын әзірлеп беруге тегін көмектеседі. «Бизнес бастау» арқылы кәсібін дөңгелететіндер 505 мың теңгелік қайтарымсыз гранттан бөлек, кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жылдық 6 процентпен шағын несие ала алады.
Мемлекет осылайша жұмыссыздықты азайтып, қолға қармақ беріп, сұранысқа ие кәсіпке баулуды көздеп отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
04 тамыз 2020 ж. 1 339 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031