Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын - Тоқаев

Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын - Тоқаев

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.
– Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.
Осыған дейін Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі осы оқиғаның салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін мәлім етіп, көмек қажет болған жағдайда хабарласатын телефон нөмірлерін жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, зілзаланың салдарынан Түркияда 12 адам мерт болып, 522 адам зардап шекті.
01 қараша 2020 ж. 894 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 40

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 36

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 34

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031