Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери спортшы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев әлемнің үздік ТОП-10 дзюдоисттер тізіміне енді

Әскери спортшы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев әлемнің үздік ТОП-10 дзюдоисттер тізіміне енді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте (Венгрия) аяқталған «ҮлкенДулыға» турнир қорытындысы бойынша қалыптастырылған әлемдзюдошыларының жаңа рейтингін жаңартты. Жарысқа әлемнің 69 елінен 459 спортшы бақ сынасқан.
 
Сайыстың қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшысы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтегі үздік дзюдошылардың жетінші қатарына енді. Оның есебінде 4080 ұпай бар.
«Будапешттегі «Үлкен дулыға» сайысы,коронавирустық пандемиямен байланысты ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы маңызды турнир болды. Жарысқа қатысушылар құрамы өте білекті, әлемнің үздік балуандары қатысты. Осыған қарамастан, Гұсман жоғары нәтиже көрсетті. Енді бізді алдағы жарыстарға үздіксіз жаттығулар күтіп тұр», – деп өз ойымен бөлісті Армия орталық спорт клубының олимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық командаларды даярлау бөлімінің бастығы майор Анвар Үсенов.
Ғұсман Қырғызбаев – ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, 2016 жылы Цюрихте (Швейцария) өткен CISM (Халықаралық әскери спорт кеңесі) әскери қызметшілері арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2018 жылы Агадирде (Марокко) өткен Гран-при кезеңінің және де 2019 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен «Үлкен Дулыға» (Grand-Slam) турнирінің чемпионы, өкілді халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.
30 қазан 2020 ж. 422 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031