Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда кәсіпкер өз қаржысы есебінен көшені асфальттады

Қазалыда кәсіпкер өз қаржысы есебінен көшені асфальттады

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі Дүйсенбай Өтегенов атындағы көшенің тұрғындары үшін қазалылық кәсіпкер, «Қазалы-Жолшы» ЖШС директоры Серік Өтегенов өз қаржысы есебінен көшеге асфальт төсеп берді.
Көшенің гүлденуіне сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерге тұрғындар ризашылықтарын білдіруде.
Айта кетейік, 2019 жылы аудандық ономастикалық жұмысшы топ отырысының хаттамасына сәйкес Әйтеке би кентінің 5 кварталындағы атауы жоқ жаңа №7 көшеге Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Дүйсенбай Өтегеновтің есімі берілген болатын.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 қазан 2020 ж. 528 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды