Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік жүгі арттырылды

Жауапкершілік жүгі арттырылды

Коронавирус індетінің салқыны барлық салаға тиді. Әсіресе білім саласына айтарлықтай өзгерістер енді. Тек Қазақстан емес дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті.
Бұл ретте біраз қиындықтар туындағаны сөзсіз. Шалғай ауылдардағы интернет мәселесі, бір отбасында бірнеше баласы бар ата-аналарды смартфондардың жетіспеушілігі алаңдатты. Онлайн оқытудың олқы тұстары көп болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды», – деп тапсырды.
Сонымен қатар білім саласындағы басты мәселе – ұстаздар жалақысының аздығын да көтерді.
– Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 процентке көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді, – деді. Бұл ұстаздар қауымына тың серпіліс әкеледі деп сенеміз.
Қазір көпшілік несібе көзі кәсіпте екендігін жақсы біледі. Сондықтан шағын бизнес ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар саны жыл сайын артуда. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсететін бірнеше бағдарлама бар. Президент Жолдауында кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға басымдық берілетіндігін айтты. Сол себепті «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылмақ.
– Өткен жылы «Кәсіпкерлік негіздері» 10 сыныпқа енгізілді. Биыл 10-11 сынып оқушылары аптасына екі сағат аталған пән бойынша білім алады. Бұл таңдау пәніне жатады. Былтыр 23, осы жылы 13 мұғалім курстан өтті. Курсты тәмамдаған ұстаздарға арнайы оқулық берілген, сол арқылы оқытады.
«Кәсіпкерлік негіздері» пәні кәсіпті қалай бастау керектігін үйретіп, іскерлік сауаттылықты артырып қана қоймай, бала бойындағы тұлғалық қасиеттерді жетілдіреді. Оқушы қаржылық сауаттылықты игеру арқылы өзін-өзі таныстырып, ішкі қабілетін дамытады, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Әмірхан Әбіл.
Білімді ұрпақ – ел болашағы. Баланы сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындатуда мектептің алатын орны ерекше. Келешектің кемел болуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдер қауымы қандай құрметке де лайықты. Аталған сала қызметкерлері Президент Жолдауы күш-жігер сыйлап, одан әрі қарқынды қызмет ету мен өздеріне артылған жауапкершілік жүгінің жеңіл еместігін тағы бір мәрте сезіндіргенін айтады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
10 қыркүйек 2020 ж. 688 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031