Бірлігі бекем Басықара
Газеттің өткен санында аудандағы өзіндік тұрмыс-тіршілігі, мәдениетімен ерекшеленетін ауылдармен танысу үшін сапарды бастағанымыз туралы хабарлаған едік. Мақсат – ондағы көнекөз қариялардан ауылдың тарихынан сыр тартып, бүгінгісін көзбен көру. Енді аудан орталығы Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым қашықтықта орналасқан Басықара ауылдық округі жайлы сыр шертеміз.
Тамыры терең тарих
Негізінен ауыл атауы Төртқара руынан шыққан батыр, әрі әулиелігімен ел арасында аңызға айналған тұлға Басықараның атымен аталғаны белгілі. Бұл елді мекен 1934 жылдан бастап №3 ауылдық совет болып құрылған. Одан соң 1949 жылы таратылып, Қарашеңгел ауылдық советінің қол астына кіреді. Кейін 1973 жылы Басықара ауылдық құрылымы қайта жинақталады. Десек те 1997 жылы Басықара ауыл әкімшілігі тағы да тарап, 2001 жылға дейін Құмжиек ауылдық советіне қаратылды. Осылайша 2001 жылы Басықара ауылы өз алдына округ болып, отау тігеді. Міне, осы уақыт аралығында ауылға көптеген елге белгілі, сыйлы азаматтар басшылық етеді.
Қазалы, Арал аудандарында суармалы егістік пен шабындықты жеткілікті мөлшерде игеру үшін су тапшылығынан құтылудың жолдары қарастырылған. Зерттеу жұмыстарын жүргізе келе Сырдария өзеніне су тоспасын салуға Басықара елді мекенінің тұсы қолайлы деп табылады. 1963 жылы Қызылорда су құрылысы тресіне қарасты №16 жылжымалы механикаландырылған колоннасы құрылыс жұмысын бастап кетеді. Осыдан соң Қазалы су торабы Бүкілодақтық екпінді құрылыс деп жарияланып, жер-жерден мамандар мен жұмысшылар тартылады. Сонымен қатар су торабы мен ауыл құрылысы қатар жүріп, онда бірнеше жүздеген адамдар жұмыс жасап, тіпті құрылысшылар қатары өзбек, орыс, қырғыз, татар, башқұрт, молдаван, түрік, украин, неміс сынды өзге ұлт өкілдерімен толықты. 1964 жылдың аяғына дейін екі пәтерлі 19 үй салынып, 8 жылдық мектеп, клуб, емхана, балалар бақшасы, монша, орталық жылу жүйесі пайдалануға берілді. Ал 1970 жылы Қазалы су торабының құрылысы аяқталып, қолданысқа енеді.
Бүгінде бірлігі бұзылмаған ауылда 224 отбасында барлығы 1192 тұрғын бар. Елді мекенде 2010 жылы екі қабатты замануи технологиямен жабдықталған типтік жобада №182 орта мектеп салынып, қазірде онда оқушылар білім нәрімен сусындауда. Білім ошағында 13 сынып комплектісі болса, 44 мұғалім оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Мектеп жанынан «Балапан» шағын орталығы ашылып, жұмыс жасап тұр. Мұнда 19 бала тәрбиеленіп, 6 қызметкер өз нәпақаларын тауып отыр. Одан бөлек 2013 жылы типтік жобада қолданысқа енген Басықара фельдшерлік-акушерлік бөлімшесі күндіз-түні халыққа қызмет етіп, ондағы ақхалаттылар тұрғындардың алғысына бөленіп келеді. Күрделі жөндеуден өткен 50 орындық №8 «Тілашар» бөбекжай-балабақшасы да тұрақты жұмыс жасайды. Қазалы су торабы өндірістік учаскесі, ауылдық кітапхана, №12 су көтеру бекеті, байланыс бөлімшесі, аудандық ән-әуез мектебінің филиалы қызмет етіп, бір сөзбен айтқанда ауылдың тіршілігі күн сайын қайнап жатыр. 2018 жылы ауызсу мәселесі де оң шешімін тауып, үй ішіне кіргізілген. Тек ауыл көгілдір отынмен қамтылмаған демесеңіз, халыққа қажетті барлық жағдай жасалған. Қазірде округке Мұратбек Тоқтамұратұлы Бекмамбетов басшылық жасап, ауылдың қарқынды дамуына абыроймен атсалысып келеді.

Кәсіпкерлікке кең өріс
Басықарада ісін ілгерілеткен кәсіпкерлер жетіп артылады. Округте 6 дүкен, 4 сауда орны, 1 буфет, 1 нан цехы, 2 киім тігу шеберханасы, 2 бақташы, 3 мал шаруашылығымен айналысушы, 1 көлік жөндеу орны, 2 шаштараз, 1 сұлулық салоны, 1 металл бұйымдарын жасау, 2 бақша өнімдерін консервілеу, 1 көлік жөндеу және жолаушы тасымалында 6 такси қызмет көрсетеді. Сондай-ақ 12 шаруа қожалығы мен 1 серіктестік бар.
2018-2020 жылдар «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылдары» болып бекітілгені мәлім. Соның негізінде ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Гүлжайна Қуанышбаева 50 миллион теңге несие алып, шетелден 80 бас мүйізді ірі қара әкелген. Осы сынды «Адина» шаруа қожалығы да сиыр басын асылдандыру үшін 20 миллион теңге несие алған. Сонымен қатар стартап жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін бір ауыл тұрғыны 530 200 теңге көлемінде мемлекеттік грантты жеңіп, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 4 адам оқу курсынан өтіп, «Бизнес кеңесші» жобасы аясында 3 тұрғын кезекте тұр екен.
Негізі басықаралықтардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Сол кәсіпкерлермен танысу барысында 35 жасар Бахтияр есімді азамат ерекше көзге түскен еді. Неге десеңіз, ол 2012 жылы жаңадан кәсіп бастап, мал шаруашылығын көбейтуді көздеген. Кәсіптік саланың қыр-сырын жіті танып білмеген азамат қорықпастан бірден 100 бас жылқы сатып алған. Оның санын өсіріп, 2014 жылы «Қазалы-Несие» орталығынан қаржы алып, Ақтөбе облысынан тағы да 46 бас, 2015 жылы 55 бас жылқы әкелген. Бүгінге дейін мал басын қалай көбейткені туралы Бахтиярдың өз аузынан естідік.
– Әуелде кәсіп бастамас бұрын жүрексіндім. 100 бас жылқыны әкелгеннен кейін «алдағы уақытта шалыс басып, барлығынан айырылып қалсам не болады?» деген де ойлар мазалады. Алайда әкем Бақытжанның арқасында көптеген қиындықты артта қалдырдым. Сондай-ақ інім Даниярдың еңбегін айта кеткен жөн. Ол әрдайым әрі қарай жетілуім үшін қолдау жасады.
Ептеп кәсіптің көзін тапқаннан кейін 2017 жылы Ресейден ақ басты сиыр әкелуге бел будым. Алға қойған мақсатым орындалды, оған да қол жеткіздім. Одан соң Алтай Республикасына барып, 87 бас «герепорт» сиырлар алып келдім. Қазір қолымда 300-ге жуық сиыр, 400-ге жуық жылқы бар. Бүгінде шаруа қожалығы «Бақыт» атауымен әкем Бақытжанның есімін иемденуде, – деді жеке кәсіпкер.
Кәсіптің көзін тапқан деген осы болар бәлкім. Алғашқы қадамын сәтті бастап, қомақты қаржыны орынды пайдалана білген азамат қазірде мал шаруашылығынан қол үзгісі келмейді. Тек бұл ғана емес Бахтияр жан-жақты жан. Бұрын күрестің төрт түрімен айналысып, спорт шебері атанған. Оған қоса 15 жылға жуық уақытын ішкі істер саласына арнаған. 2018 жылы зейнетке шығып, талай жылғы бейнеттің рахатын көруде. Барлығын қатар алып жүрген азаматтың бұл ісі көпке үлгі болатындай-ақ. Ауыл тұрғындары қиын сәтте айналасындағыларға қол ұшын соза білетін осындай азаматтың орталарында барына қуанады.

Ауылдағы ауқымды іс
Ауылға кірісімен ішкі тазалыққа жіті назар аудардық. Ондағы әрбір көшені аралап, барлық қуыс-қолтыққа жеке-жеке тоқталдық. Байқағанымыз орынсыз жатқан қоқысқа көзіміз түсе қоймады. Бұл дегеніміз тек аудан ғана емес ауылдардың да сәт санап көркейіп, ажары артып келе жатқанының айғағы. Ауыл ішіндегі жолдардың сапасы да көңіл көншітерлік.
«Тілашар» бөбекжай-балабақшасының былтырғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 15 миллион 500 теңге бөлініп, балабақша ғимаратының шатырлары жаңадан орнатылып, жылу жүйесі жөндеудан өтіп, қайта қалыпқа келтірілген.
Қазір бағдарлама негізінде ауданда құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде жүздеген тұрғын жұмыспен қамтылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылу үстінде. Жобаның мақсаты – жұмыссыздар қатарын азайту.
Биылдың өзінде окургте «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген шаруалар тиянақталып, тұрғындар игілігіне берілген. Осыған сәйкес ауылға аудандық бюджеттен 24 миллион теңге бөлініп, С.Сейфуллин, А.Құнанбаев, Аманкелді көшелеріне қиыршық тас төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша Басықара ауылдық клубының ағымдағы жөндеу жұмыстарында республикалық бюджеттен 11 миллион 681 мың теңге қаржы беріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 ауыл тұрғындары уақытша жұмыспен қамтылған. Мердігер мекеме «Данияр 97» ЖШС. Сонымен қатар талантты жастардың ауылдан шығатынын қаперде ұстаған жауаптылар балаларға арналған кіші футбол алаңының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 миллион теңге берген. Соның нәтижесінде алаңға жаңа төсегіш төселіп, қоршаулары ауыстырылған. Ендігі жерде ауыл жастары тозығы жеткен алаңда емес, су жаңа жасыл жерде доп тебетін болады. Елді мекенде жыл сайын атқарылып жатқан жұмыстарға ауыл тұрғыны Асқар Рысқұл дән риза екенін жеткізді.
– Несін жасырайын, округ орталығы жыл сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Әсіресе жастарға қажетті орындар көптеп орнатылып, келешек солардың қолында екенін жоғарыдағы ағаларымыз естен шығармай келеді. 2017 жылы салынған спорт алаңына біршама жөндеу жұмыстары қажет еді. Ендігі жерде оған алаңдамауға да болады. Кешкілік ауыл жастары «Спорт – денсаулық кепілі» деп бас қосып, уақытты тиімді өткізетін орынның қайта күрделі жөндеу көргені көңіл қуантады. Алдағы уақытта осындай ауқымды істер жалғасын таба берсе нұр үстіне нұр. Тағы бір айта кететін жайт ауылдағы бірқатар көшелер тас қараңғы. Мұның да ескерусіз қалмасына сенеміз, – деді ол.

Талпынысы жоғары жастар
Елді мекен халқының 30 проценті жас буын өкілдері. Бастысы олардың қоғамдық жұмыста белсеніп, мемлекеттік саясаттан шет қалмай, өздерін жан-жақты дамытуға баса көңіл аударатыны аңғарылады. Ал бұған ауылдық клуб жанынан ашылған домбыра, ән, хор, драма, көркемсөз оқу секілді үйірмелер дәлел екені даусыз. Өйткені соның арқасында ауыл тұрғыны Жеңісбек Нұрдәулетұлы өткен жылы «Жігіт төресі» сайысының облыстық біріншілігіне жолдама алып, екінші орынды місе тұтқан. Мұнан бөлек Аружан Аманжол есімді қыз республикалық домбырашылар сайысында үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынды қанжығасына байлаған. Бұдан бөлек Сұлушаш Сүйінтай, Айтолқын Іскендір, секілді балауса ақындар мен Ардақ Нағашыбаева, Нұрай Жәдігер есімді жас әнші, термешілер айтулы додаларда талай жанды талантына тәнті етіп, ұлттық өнердің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Мұндағы көп жастар спорт саласындағы жоғарғы көрсеткіштерімен де көзге түскен. Неге десеңіз, №17 жасөспірімдер спорт мектебінің ауылдық филиалында 50-ге жуық бала грек-рим күресімен шұғылданады. 2018 жылы грек-рим күресінен 6 спортшы, нақтыласақ Руслан Алексеев, Шыңғысхан Әбдіхалимов, Әбдіғани Әбдікер, Абылайхан Әбдіхалимов, Әли Жауынбай мен Кенже-Әлі Сүлеймен спорт шеберлігіне үміткер атағын қорғап шыққан. Бұлардың жыл сайын республикалық және облыстық турнирлерде жүлделі орындарға ие болғанын қатарлары мақтан етеді. Бапкер Әмірбек Айнадинов шәкірттерінің жеңіске қол жеткізгенінен бөлек, жастайынан спортпен шұғылданатын баланың келешек дені сау, салауатты азаматтар қатарын көбейтетінін жасырмайды. Бұдан басқа ауыл перзенті ауыр атлетші, спорт шеберлігінен үміткер Таиссия Алексеева 2018 жылы Қазақстан біріншілігінің екі дүркін чемпионы. 32 келі салмақта сынға түскен Таиссия 68 келілік зілтемірді көкке көтеріп, қарсыластарын шаңына ілестірмей кетті. Ауылда мұндай жастардың қатары көп болғаны көңілге қуаныш ұялатпай қоймайды.

Тәлімі терең білім ошағы
Жоғарыда сөз еткендей 2010 жылы екі қабатты заманауи технологиямен жабдықталған типтік жобадағы №182 орта мектеп бой көтеріп, пайдалануға берілгені мұндағы тұрғындардың төбесін көкке жеткізген. Себебі олар үшін балаларға білім мен тәрбие беретін жаңа ғимарат тұрғызу көптен бері шешілмей жүрген мәселенің бірі еді. Бүгінде аталған білім ошағын осы саладағы тәжірибелі азаматтың бірі Жетібай Таңмамбетов басқарады. Ол басшылық ететін білім шаңырағында 44 жоғары білімді ұстаз балалардың болашағы жолында жұмыс жасайды. Оның екеуі жоғарғы санатты, 10 бірінші, тағы 17-сі екінші санаттағы мұғалім. Жаңа оқу жылындағы санақ бойынша мектепте 231 оқушы білім нәрімен сусындайды.
– Балалардың сапалы әрі кешенді білім алуын қамтамасыз ету үшін ұстаз саны жеткілікті. Жыл сайын оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, оның біразы мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орнына қабылданады. Одан бөлек мектеп ішінде тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, үстел теннисінен үйірмелер ұйымдастырылған. Әсіресе үстел теннисінен оқушылар облыс абыройын республикалық деңгейде асқақтатып жүр.
Оқу ордасының материалдық-техникалық базасы толық заманауи технологиямен жабдықталған. Ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген екі компьютер класы бар. Алайда балалар санына шаққанда 4 оқушыға 1 компьютерден келеді. Тіпті дарияның арғы бетінен, елді мекендерден қатынайтын балаларды тасымалдау үшін арнайы автокөлік бөлінген. Мектепте білім алатын екі мүмкіндігі шектеулі баланың үйіне пән мұғалімдері барып, сабақ береді. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту да жолға қойылған. Тамақтың сапасы мен қоймажайларды тиісті сала мамандары ұдайы тексеріп тұрады, – дейді мектеп басшысы.
Мектеп айналасының жасыл-желекке бөленгені көңілге жайлылық ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынын айта кеткен жөн. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бұл ағаштардың бірқатары аудан көлемінде өткен тазалық айлығы барысында отырғызылған екен.

Жөндеуден өткен балабақша
Басықара ауылына бас сұққанымызда ең әуелі әкімдік жанында орналасқан көзге тартымды балабақшаны байқағанбыз. Ол оның күрделі жөндеуден өткеннен кейінгі келбеті. Оған дейін №8 «Тілашар» бөбекжай-балабақшасы үй жағдайындағы пешпен жылытылып, құдықтағы ауызсуды тұтынатын болған. Мекеменің қазіргі жағдайы мұндағы қызметкерлер мен ата-аналардың талабынан шығады.
– Алғаш жөндеу көрмеген балабақшаның ойын бөлмесі, асхана, әкімшілік бөлімде бір-бір пештен болатын. Сонымен бүгінге дейін жұмыс істеп келдік. 2012 жылы балабақша ғимараты апатты жағдайда деп танылып, тағы бірнеше жыл жаңа балабақшаның жоба-сметалық құжаттары даярланды. Алайда ол ойдағыдай болмай, кейінге қалдырылды. Ал ғимарат апатты жағдайға жатқызылғанымен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлдіру де қиындық тудырды. Ақырында заңнамаға сәйкес шатырын ауыстырып, шағын бу қазандығын орнатуға бюджеттен 15 миллион теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу негізінде «Казстрой» корпорациясы 8 872 000 теңгеге ұтып алды. Жөндеуді кешіктіріп бастағанымен, қазіргі таңда жұмыс аяқталды. Жасалған құрылысты қабылдау ісі үйлестіріліп жатыр, – дейді мекеме басшысы Ғайни Жәрімбетова.
Бұдан бөлек балабақшаның электр желісін жаңарту үшін де 1 милионнан астам қаржы бөлінген. Тиісті қаражат мақсатты жұмсалып, балабақша жа ғдайы жақсарған.
Негізінен «Тілашар» бөбекжайы 50 бүлдіршінді қабылдауға қауқарлы. Балабақшада тәрбиеленетін балалар екі топқа бөлінген. Бос орын жоқ. Сондай-ақ мұндағы балдырғандарға педагогикалық білім беретін 8 қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар медбике, аспаз, тәрбиешілердің көмекшілері, психолог сынды 16 маман балалар күтімімен айналысады.

Бақшадан бағы жанған бағбан
Осыдан біршама уақыт бұрын «Үлгілі үй», «Үлгілі отбасы» сынды номинациялар ауыл тұрғындары арасында үлкен қызығушылыққа ие болатын. Бұндай шаралар Басықара ауылында да кезінде көптеп ұйымдастырылды. Сол тұста әр отбасы өзіне тиесілі үйіргерлік ауласында бақ өсіріп, жаз бойы жемісін тұтынатын. Ауыл тұрғындары арасынан Әлдебай Сейсеновтің шаңырағы 2010 жылы «Үздік үй» атағына ие болып, үй қабырғасына арнаулы тақта қағылды. Оны сол тұстағы аудан басшысы Айтбай Көшербаевтың өзі арнайы келіп табыстаған.
Жеміс-жидекке көмкерілген бақ иесі көптеген ұйымдарда басшылық қызмет атқарған, абыройлы азамат. Осындағы су торабы мекемесінде де еңбек еткен. 2015 жылы зейнеткерлік демалысына шыққан. Содан бері егіле бастаған ауласындағы бақты баптап, жыл сайын мол өнімнің астында қалады.
Бүгінде мұнда 70 жеміс ағашы бар. Оның ішінде алма мен алмұрттың 3 түрі бақша төрінде жайқала ырғалады. 500 түп жүзім ағашы сонымен қатар қара өрік, өрік, шие сияқты басқа да жеміс түрлері қазірдің өзінде пісіп, бақ ішінде төгіліп жатыр. Жыл сайын Әлдебай 500 қызанақ, 200 түп қара бұрыш пен баклажан егеді. Тұрмысқа қажетті сәбіз де мөлшерлі жерге орналастырылған.
Бағбан бұл маусымда белгілі себептерге байланысты жеткілікті көңіл аудара алмағанын айтады. Бірақ жылдағы күтім әсерінен болар, бұрынғыша жеміс беруде. Асқан шыдамдылықты талап ететін жұмысқа көзін тауып, төзімділік танытып келе жатқан жанның еңбегі ерен. Айта кетерлігі бақ ішін аралап жүріп, бұрын-соңды көрмеген жеміс түрін байқадық. Сұрап білгенімізде бағбан оны Алматы қаласынан әкелгенін айтты. Мұның мұнда келуіне байланысты бір қызық жағдай болған екен. Әуелде 15 түп алма ағашын әкелген. Оның көп бөлігі бұл аумақты жерсінбей, тек 3 түбі ғана көктеген көрінеді. Сөйтсе сондағы сатушы әйелдер бөгде жеміс тұқымын беріп жіберген. Нәтижесінде біздің табиғат жағдайында жеміс беретіні, не бермейтіні белгісіз анар талы егілген. Әлдебай оның жемісі әбден пісіп, жерге түспейінше үзгісі келмейтінін жеткізді.
Мұнан кейін ауылдың оңтүстік шығыс беткейінде 50 гектар жерге алма, алмұрт, шие, қауын, қарбыз, қызанақ, қияр өнімдерін егетін «Дүйсеней» шаруа қожалығының басшысы Нәби Жидебаймен таныстық. Мұндағы өркенді істер де жүрекке жылылық ұялатты.
Батыр баба аты берілген ауылдағы игі істерді көңілге тоқып, ақпейіл қариялардың батасын алып, ерекше көңіл-күймен оралдық.

Абзал ЖОЛТЕРЕК