Қор нарығында доллар сәл қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Фото: pexels
Фото: pexelsКүндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге қымбаттап, 530,07 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,15 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 531,49 теңгеден сатып алынады, 533,61 теңгеден сатылады. Еуро 614,53 – 619,12 теңге, ал рубль 6,52 – 6,64 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,23 теңгеден сатып алынады, 77,92 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 529,62 теңгеден сатып алынады, 535,62 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 612,65 теңге, сату - 619,67 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,50 теңге, сату - 6,65 теңге.
- юань: сатып алу - 75,83 теңге, сату - 79,48 теңге.
Еске салайық, 29 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,21 теңгеге арзандап, 530,15 теңге болды.









