Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Парламенті Сенатының депутаты ауданда іс-сапармен болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты ауданда іс-сапармен болды

Кеше ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы ауданға жұмыс сапарымен келіп, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында бірқатар нысандарды аралады.
Қазалы ауданында «Жол картасы» бағдарламасымен құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Аталған бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев пен аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков таныстырды.
Сенат депутаты Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин атындағы №165, Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп, «Ақбота» балабақшасы, Қазалы қаласындағы №17 мектеп, Ғ.Мұратбаев ауылындағы «Балдәурен» балабақшасының ғимараттарына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Әйтеке би кентіндегі қайта жаңғыртудан өтіп жатқан М.Ғабдуллин көшесін, Ғ.Мұратбаев ауылын газдандыру жұмысын көріп, өз бағасын берді.
– Қызылорда облысындағы іргелі аудан – Қазалыға «Жол картасы» бағдарламасы арқылы қомақты қаржы бөлінген. Негізгі мақсат – жол, мектеп, аурухана, емхана, мәдениет үйлерін ағымдағы және күрделі жөндеу, аулалар мен елді мекендерді абаттандыру сияқты жұмыстарды іске асыра отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамту болып табылады.
Мемлекет тарапынан қолдау болған соң атқарылатын жұмыстардың сапасы жақсы болу қажет. Аудан басшылары жұмыстардың сапалы жүруіне үнемі бақылау жүргізіп отырады екен. Сондықтан да атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы жақсы, – деді Мұрат Бақтиярұлы.
Сапар барысында сенатор аудан орталығындағы темір-бетон зауытының жұмысымен де танысты. Мекеме басшысы Сәбит Өтегенов зауыт өндіретін темір-бетон өнімдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтті.
"Қазалы" ақпарат

07 тамыз 2020 ж. 823 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 89

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 86

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930