Қазақстанда дәрігерлерге ақшалай төлем жасау ережелері өзгерді
Еңбек және денсаулық сақтау министрлерінің бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес коронавируспен күресетін медицина қызметкерлері коронавирус және вирустық пневмония ауруынан қайтыс болған жағдайда төлемдер тағайындалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" нормативтік құқықтық акт жарияланды.
"COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресу бойынша эпидемияға қарсы шараларға қатысатын медицина қызметкерлеріне осы инфекциядан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы", - делінген өзгертілген бұйрықта.
Құжатта біржолғы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар медицина қызметкерлерінің (немесе олардың отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда) тізімі көрсетілген:
Жұқпалы аурулар ауруханаларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, соның ішінде интенсивті терапия бөлімшелері және басқа да ауруханалар, COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған уақытша ауруханалардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмек дәрігерлері мен фельдшерлері, соның ішінде амбулаториялық-емханалардағы дәрігерлер мен фельдшерлер. Өткір респираторлы вирустық инфекциясы бар науқастарды қабылдауға бел байлаған дәрігерлер, фельдшерлер және кіші медициналық қызметкерлер, жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілері, сондай-ақ зертхана мамандары.
Қызметкердің біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініші немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерінің бірі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтау басқармасына беріледі.
Өлім туралы куәлікті алғаннан кейін, комиссия COVID-19 коронавирустық инфекциясы, вирустық пневмониядан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімін жасайды.
Отбасыларға біржолғы әлеуметтік төлем алуға арналған адамдардың тізімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтау басқармасы немесе мемлекеттік корпорация филиалына тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті жібереді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жұмыста коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге көлемінде арнайы төлемдер берілген болатын. Коронавирустық инфекциядан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына 10 миллион теңге көлемінде төлем алуға құқығы бар.