Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметтегілерге әлеуметтік демалыс беріледі

Қызметтегілерге әлеуметтік демалыс беріледі

Жұмыс істейтін қазақстандықтарға бес күн қосымша демалыс беріледі.

Бес күнге созылатын әлеуметтік демалыстың ақысы төленеді. Егер жұмыс беруші демалыс беруден бас тартса, оған айыппұл салынады.

Жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерге скринингтен өту үшін бес күн әлеуметтік демалыс беруге міндеттеледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жұмыс берушілердің адамдардың денсаулығын сақтаудағы жауапкершілігін күшейту мақсатында қол астындағы қызметкерлеріне скринингтен өту үшін міндетті әлеуметтік демалыс беру көзделіп отыр. Жаңа норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасында жазылған.

"Барлық азаматтың тегін скринингтен өтуге құқығы бар. Сондықтан жұмыс берушілер өз жұмысшыларына ақысы төленетін демалыс беруге міндетті. Егер әлеуметтік демалыс беруден бас тартса, онда жұмыс берушіге айыппұл салынады", - деді Біртанов мәжіліс кулуарында.

Министр әлеуметтік демалыс бес күнді құрайтынын және ол қазіргі еңбек демалысынан бөлек берілетінін нақтылады.

Егер жұмыс беруші әлеуметтік демалыс бермесе, қазақстандықтар еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріндегі құзырлы органдарға шағымдана алады.
sputniknews.kz



18 қазан 2019 ж. 915 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930