Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сақал салығы"

"Сақал салығы"

1698 жылдың 5-қыркүйегінде І Пётр «сақал салығын» енгізді. Еуропаға барып, сол жақтың мәдениетімен "сусындап" келген орыс патшасы Батыс сапарынан келе сала қарауындағы барлық шенеуніктерді жиып алып, солардың көзінше бірер ақсүйек әулет өкілдерінің ел алдында сақалдарын күзейді.
Ол кезде орыс шеркеуінде сақалсыз өлікке жаназа оқылмайтын, жылмиған еркекке сенім артылмайтын, ақсүйектер сақал-мұртын сылап-сипап ұстауымен игі санатты көрінетін, көпестердің сақалы қаншалықты дәулетті екенін білдіретін...
І Пётрдің бұл ісі орыс қоғамын дүр сілкіндірді. Сақалынан масқара жағдайда айырылып қалғандар өз-өздеріне қол сап жатты. Шіркеу қызметкерлері уағызынан жаңылысып, не патшаға жағуды, не дінге бағынуды білмей дағдарып, тіпті, елсізге қашып кетуге мәжбүр болды.
XVІ ғасырда Англия мен Францияны қарып өткен бұл "қатыгез салықтың" - XVІІІ ғасырда Мәскеу жұртына сүзектей боп тигені рас!
Пётр патшаның бірінен соң бірі шыққан қатал заңдары - «орыстың ұлттық киімдерін сатуға, киюге» және «сақал қоюға» салынған тыйым болды. Әрбір сырттан келген мұжық қалаға кіргенде және шыққанда "сақалақы" төледі. Әрбір мәскеулік орыс жылмиып еуропаша киініп жүруге міндетті болды. Жалаңдаған жандаралдар сақалды кісі көрсе, дереу ақшасын қағып алып, арнайы жетон ұстатып кететін-ді.
Басында әлеуметтің түрлі өкілдеріне әр түрлі бағамда салынған салық, кейінірек, 1715 жылы бірыңғай сақалды жан басына жылына 50 сом боп бекітілді.
Бұл салық 74 жыл "өмір сүріп", 1772 жылға дейін заңды күшінде болды...
Қанат Ескендірдің Фэйсбуктағы жазбасынан


02 қазан 2018 ж. 1 725 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 53

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 81

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031