Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақал мен қысқа балақ үшін салынатын айыппұлдың мөлшері белгілі болды

Сақал мен қысқа балақ үшін салынатын айыппұлдың мөлшері белгілі болды

Қылмыстық жауапкершіліке тартуға жатпайтын кез келген бұзушылыққа алдымен ескерту жарияланады. Деструктивті діни ағымға қатыстылығын айқындайтын сыртқы атрибуттар мен киім кигенге салынатын айыппұл сомалары белгіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мәжілісте діни қызметке қатысты мәселелер бойынша заң жобасына қайта оралды. Сенат сәйкес түзетулер енгізуді ұсынып, норманы бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін бекітіп отыр.
Деструктивті діни ағымдардың сыртқы көрінісі болып табылатын атрибуттарды қолдану, мысалы, сақал мен қысқа балақ, сондай-ақ, бетті жауып тұратын киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге салынатын айыппұл мөлшері: жеке тұлғалар үшін 50 АЕК, заңды тұлғаларға – 100 АЕК. Бұл 120 мың және 240 мың теңгені құрайды.
Жалпы діни радикализм танытқандарға 50 АЕК (жеке тұлғалар үшін) және 100 АЕК (заңды тұлғалар үшін) мөлшерінде айыппұл салынады.
Өз қызметін діни мақсатта пайдаланған немесе діни бірлестіктерге өзге адамдарды тартқан, дінді оқытумен айналысқан мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық Банктен қаржыландырылатын мекемелердің жұмысшыларына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кетсек, қылмыстық жауапкершіліке тартуға жатпайтын кез келген бұзушылыққа алдымен ескерту жарияланады екен.
Сонымен қатар, ұсынылып отырға түзетулер бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға талапты бір жыл ішінде орындамаса немесе оны қайталаса, оған қызметін жалғастыруға тыйым салумен қатар, жеке тұлғалар үшін 200 АЕК (481 мың теңге), лауазымды тұлғалар үшін – 300 АЕК (721 500 теңге), заңды тұлғаларға – 500 АЕК (1,2 миллиона теңге) мөлшерінде айыппұл салынатын болады.
kaz.altaynews.kz

28 қыркүйек 2018 ж. 6 006 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930