Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғарышкер Жәнібеков қазақ па?

Ғарышкер Жәнібеков қазақ па?

1978 жылы ғарышқа Владимир Жәнібеков ұшқанда қазақ деп ойланғанбыз... Себебі, газеттер оның өмірбаянын жарысып жазып жатты. Онда: «В.А.Жәнібеков 1942 жылы 13 мамырда Қазақ ССР-нің, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бостандық ауданы, Ескендір селосында дүниеге келді» деп жазылғасын, қазақ деуге толық негіз бар еді. Ұлты орыс деп жазылса да, «жетімдер үйінде тәрбиеленген» – деп қосып айтқыштар айтқасын, кәдімгідей соған сеніп жүрдік, ұлтпен мақтану үшін осындай соқыр сенімге сенген аңғал кезіміз-ай.
Владимир Жәнібековтың әкесі Александр Крысин НКВД-да қызмет істеген подполковник, шешесі Евдокия Четверткова медбике болып істеген. Ұлты орыс Владимир Крысин қалайша Жәнібеков атанып жүр?
1968 жылы болашақ ғарышкер Володя Крысин Москвада тұратын қазақ қызы Лилиямен танысады, орысша тәрбиеленген Лилия тұрмысқа шығар алдында болашақ күйеуін ата-анасымен таныстырмақшы болып үйіне шақырады. Лилияның атасы Абдул-Хамит Жәнібеков белгілі этнограф ғалым еді. Арғы атасы Алтын Орда ханы Өзбек хан баласы Жәнібектің ұрпағы. Осы Жәнібектің ұрпақтары Ноғай әдебиетінің негізін салушылар болды. Тағдыры шығар, жалғыз ұлы Мұнардың да, жалғыз қыз Лилиядан басқа баласы болмады. Қызының қолын сұрап келген болашақ күйеу баласына қайын атасы өзінің арғы тегі Жәнібек хан екендігін айта келе, «мен дүниеден өткен соң тегіміз аталмай қалатынын» айта келе, «осы текті фамилияға некеге отырарда өтсең қалай болады?» – деп өтініш айтады. Ол жерде ата-анамен ақылдасайын дейді, кейін олар келісімін береді. Осылайша болашақ ғарышкер қазақтың фамилиясын қабылдап, Жәнібеков болып шығады. Қазақтың тегі оған құт болып дарыды, көп ұзамай ғарышкерлер тобына қабылданды, екі қызды болды, немере сүйді. Ғарышқа бес рет көтеріліп, экипаж командирі атанып, ғарышта 145 тәулік, 15 сағат, 58 минут, 35 секунд болған көрсеткішін әлі ешкім қайталаған жоқ. Ғарыштағы салмақсыздық жағдайында тиімді қозғалыстарды енгізуі «эффект Джанибекова» деп бекітілді, екі рет Совет Одағының батыры және генерал-майор атағына қол жеткізді.
Соңғы он жылдан бері РФ-дағы космонавтика мұражай Ассоциясының президенті болып қызмет атқарады.
Бір өкініштісі, ғарышкер жездеміз дүниеге келген Бостандық ауданын шошқа мен жүгері өсіруді жақсы көретін бас хатшы Н.С.Хрущев Өзбекстанға өткізіп жіберді. Сондықтан екі мәрте батырдың қола бюсті Ташкент облысындағы Бостандық ауданына орнатылғаны, әрі жеріміздің көрші елге өтіп кеткендігі өзегіңді өртейді.

Бақытжан АБДУЛ-ТҮМЕНБАЕВ,
тарихшы, журналист-дайджест
17 тамыз 2021 ж. 24 171 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31