Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күйік қала

Күйік қала

Қойнауы сырға толы қасиетті Қазалы жері ескі жәдігерлерге бай мекендердің қатарына жатады. Олай айтуға негіз мол. Осындай тарихи құпияны бүккен Қазалы ауданындағы Бозкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан Күйiк қала бар.

Бұл аты айтып тұрғандай өртке ұшыраған қаланың орны. Кіші күйік қалашығы дөңестеу биiк жерді алып жатыр. 1990 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы есепке алып, құжаттарын дайындаған. Бертін келе 2003 жылы арнайы қорғауға алынған. Бізге беймәлім құнды деректер маңайында тұншыққан қаланың солтүстiк шығысы – биiктеу, 7-8 метр шамасында. Жалпы Күйік қала қоршап салынған, оның енi 3 метрге жуықтайды. Ал тұтас қам кiрпiштен жүргiзiлген қорған дуалының орны айқын көрiнедi. Әрбiр 100 метрдей жерде қорғаннан биiк ерекше үйiндiлер кездеседi. Ол қала әскерiнiң сырттан келетiн жауды қарап, бақылап отыратын қарауыл мұнараларының орны болған деседі.
Дерек бойынша Күйiк қала, Кіші күйік қала – ІХ-ХI ғасырларда осы жерде өмiр сүрген Оғыз мемлекетiнің астанасы Жанкентке бағынған қалашықтар қатарынан саналады.
Күйiк қала 1219 жылы Жошы бастаған Моңғол шапқыншыларынан қала жаугершілікте өртенген деген жорамалмен қатар, орта ғасырдағы емі жоқ эпидемиялық аурулардан құтылу үшін өртеу дерегі бар. Кейін түрік-селжүктердің билеушісі Санжардың қол астына көшеді. Архитектуралық ескерткіш саналатын жерді ежелден бері халық мекендеп, егін егіп келеді. Аталған орынды “Шанжар” деп атайды. 1940 жылы “Қарлаң” каналынан 2-3 ауыл бірігіп, Шанжар арығын қазып жеткізеді. Бұл жер Ұлы Отан соғысы кезiнде, атап айтқанда 1941-1945 жылдары «Фрунзе» колхозының егістік алқабы болған.
Тарихи маңызы бар Күйiк қаладан төрт түлiк малдың, көбіне жылқы мен қойдың сүйектерi және үлкен құрама диiрмен тасы табылған. Өз заманында қалаға тартылған ескi су арнасының болуы жергілікті халықтың егiн және мал шаруашылығымен айналысқанын дәлелдейді.
Сонымен қатар қолөнер кәсiбi және сауда болғандығына қатысты дәйектер көптеп кездеседі. Мұнда саз балшықтан жасалған тас көзе құмыралар, қыш күйдіру орындары, ыдыс сынықтары, әртүрлі тиындар табылғандығы бірқатар құпияның бетін ашты. Онда әртүрлі өрнекті ыдыс сынықтары және бір литрден отыз литр сыйымдылықтағы құмыралар шыққан. Тек уақыт тоздырып, күн өтіп, мүжіліп қалған. Осыған орай ғалымдардың соны болжамдары хақында бұл маңайда шыны өндірісінің кең етек алуы ғажап емес. Бұған қоса тоғыз жолдың қиылысында орналасқандықтан да болар, қалада ­сауда саласы жақсы дамыған. Дегенмен Күйік қала сыры ашылмай, әлі де бірқатар құпиясы сақтаулы.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 мамыр 2020 ж. 2 270 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 48

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031