Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырға толы мұнара

Сырға толы мұнара

Тасарық ауылындағы №238 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері Сараман-Қоса мұнарасы басына барды. Саяхат үстінде тарих пәнінің мұғалімі Өркен Кәрімова мұнараның маңыздылығы мен аңыз әңгіме ­туралы сыр шертті.

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш Х-ХІ ғасырда салынған. Сараман-Қоса мұнарасы Кәукей ауылынан солтүстік шығыста екі шақырым жерде орналасқан. ­«Казпроектреставрация» институты 1986 жылы есепке алып, құжаттарын дайындаған.
Мұнараның биiктiгi 11-12 метр шамасында, диаметрi 25 метр, төменгi жағы 1,5 метр – 17 кiрпiш. Iшкi жағы қам кiрпiштен (пiспеген), сыртын қыш кiрпiшпен мiнсiз етiп өрген. Қам кесектерден тұрғызылған мұнараның сырты шаршы пішінді күйдірілген кірпіштермен (24х25х5 см) қапталған. Мұнара пішіні дөңгелек, іші қуыс, жоғары қарай тарыла түскен. Төбе жағында үш қарауыл тесiгi бар, аузы оңтүстiк шығысқа қараған, екi бөлмелi, iшiнен жоғарыға айналып көтерiлетiн баспалдақ орналасқан. Ескерткіш кесілген конус іспетті күмбезбен көмкерілген, діңі жоғары қарай біркелкі тарылмаған. Бір-бірінің үстіне орналасқан екі күмбезді камерадан тұрады. Кіреберіс ойық астыңғы камерада орналасқан. Үстіңгі камера өзара ­байланысты екі деңгейге бөлінген. Оның төменгісінде (оңтүстік-батыс жағында) үшбұрышты терезе ойығы бар. Қасбетте, оның астына сөре орналасқан. Жоғарғы камера¬ның үстінде парапетпен қоршалған алаң бар. Парапеттің солтүстік және оңтүстік қабырғаларында бір-бірден өтпелі тесіктер қалдырылған.
Тарихи-мәдени ескерткішпен танысу барысында апай: «Осындай шежірелі ескерткіштерімізді зерделеп, көз қарашығындай сақтау – қараниет жауларына қасқая ұмтылған, атақоныс жері мен ұрпағы үшін қанын төккен ата-бабалар алдындағы бүгінгі буын мен келер ұрпақтың парасатты парызы», – деді. Біздің туған жерге деген сүйіспеншілігіміз арта түсті.
Б.АҚМЫРЗАЕВА

07 желтоқсан 2019 ж. 4 285 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930