Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқа елдің туымен шығу үшін 1 млн доллар ұсынған

Басқа елдің туымен шығу үшін 1 млн доллар ұсынған

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріповаға Токиода өтетін Олимпиада ойындарында басқа елдің атынан шығу туралы ұсыныс түскен. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

«Азияда Фируза өте танымал. Оның жекпе-жектерін Fox Sports Asia көрермендері тамашалады. Сонымен қатар Фируза Сингапурдағы Sportel көрмесінде таныстырылды. Содан кейін оған екі ұсыныс түсті. Олардың бірі - советтік елдердің ішінен, екіншісі - азиялық мемлекет. Екінші ел оған миллион доллар ұсынып, сол елдің туын Олимпиада ойындарында ұстап шығуын өтінді. Бірақ этикалық нормаларға сай мен ол мемлекеттерді атай алмаймын. Оның үстіне, әрине, Фируза екі ұсыныстан да бас тартты. Ол тек Қазақстанның атынан шығады. Қазір біз Олимпиада ойындарына қатысу жайын қарастырып жатырмыз. Ол үшін Қазақстан чемпиоанатында жеңіп, Ресейде күзде өтетін әлем чемпионатына жолдама алу керек. Біз жаттықтырушылар штабын ауыстырдық. Қазір оны ресейлік бапкер дайындап жатыр және ол өз құрамасындағы боксшылармен спарринге шығып жүр. Осы дайындықтар іріктеуден кідірмей өтуіне әсер етіп, оның Олимпиадада жеңетініне сенімдімін», - деді боксшының менеджері.

Чемпионның өзі 2020 жылы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан шыққысы келетіні туралы бірнеше рет мәлімдеген болатын. Тек алдымен кәсіби рингте әлемнің абсолют чемпионы болғысы келетінін атап өтеді.
26 ақпан 2019 ж. 1 660 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930