Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұғырға шықпаған Илья Ильин мәлімдеме жасады

Тұғырға шықпаған Илья Ильин мәлімдеме жасады

Катарда турнирде тұғырға шықпаған қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында осы жағдайдың себебі мен болашаққа жоспары жайлы жазды. Спортшы жазбасында Қазақстан құрамасының командасын құттықтады.

"Жігіттер, жарайсыңдар! Жылдың соңына қарай барлығы жиналып, еліміз үшін турнир Кубогын жеңіп алды! Біз бірінші орындамыз!" - деп жазды Ильин.  2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына лицензия болатын жарысқа не үшін қатыспағаны жайлы айта келе, спортшы омыртқасындағы жарақатты айтып және оның бір айда жазылып кетпейтінін түсіндіреді.

"Қазіргі уақытта емделіп жатырмын, 2019 жылы сәуірде Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатысамын. Неліктен стартқа шығамын дейсіздер ғой? 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу үшін, жаңа ережелер бойынша, атлет алты халықаралық стартта өнер көрсетуі керек. Старт бойынша үздік төрттік ары қарай жарысқа қатысады. Сондықтан мен төрт стартқа қатысу керек. Бірақ әзірше, нақты қай старт бойынша қатысатынымды айта алмаймын, бірақ Азия ойындарына қатысуым керек. (...)" - деп жазды спортшы. "Шаршадым, карьерамды аяқтағым келеді" - Илья Ильин.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақстандық Илья Ильиннің Дохада өтіп жатқан Олимпиада-2020-Катар кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпағаны хабарланған еді.  Қазақстандық спортшы өзінен бөлек 11 спортшы қатысып жатқан 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жарысқа қатысуы керек болған. Жұлқа көтеруден ең ауыр тапсырыс - 180 келіні Ильин сұратқан. Ал серпе көтеруден - 215 келі, мұндай тапсырыс тек украиналық Дмитрий Чумакта болған. Жұлқа көтеру үшін тұғырға шығар алдында Ильиннің жарысқа қатысудан бас тартқаны анықталды.  Ильин спорттан шеттетілгеннен кейін биыл Қазақстан чемпионатын жеңген соң қайта оралды. Кейін бапкерлік штаб спортшыны Ашхабадта қарашада өткен 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамаға қосқан еді. Ильин 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуі керек болған. Алайда дәрігерлер омыртқасындағы ақауға байланысты емделуге уақыт керегін хабарлады.

Нәтижесінде Ильин 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыса алмады. Кейінірек Ильин Токиода өтетін 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарынан алтын медаль алып, спорттан кеткісі келетінін мәлімдеген еді.
24 желтоқсан 2018 ж. 963 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 79

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930