Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фируза Шәріпова мен Анна Седокова Головкинді таңғалдырмақшы

Фируза Шәріпова мен Анна Седокова Головкинді таңғалдырмақшы

Қазақстандық боксшы қыз Анна Седокованы бірге жаттығуға шақырды
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, ең сұлу спортшылардың бірі Фируза Шәріпова "ВИА Гра" тобының экс-солисі Анна Седоковаға бокс техникасын үйретпек. Ресейлік әнші Шәріпованың мұндай ұсынысын қабыл алып, бірге жаттығуға келісіп отыр.

Фируза Шәріпова өзінің Instagram парақшасында менеджері Сергей Завилейский мен Анна Седокованың суретін жариялады.
"Анна Седокованы Мәскеуде бірге жаттығуға шақырамын. Сізге қазақстандық бокстың қыр-сырын үйретемін. Тіпті Геннадий Головкинді таң қалдыратын боласыз. Сіздің дене бітіміңізден бокспен таныс екеніңіз бірден көрініп тұр", - деп жазды боксшы қыз.
Әнші Анна Седокова чемпион қыздың постының астына пікір қалдырып, алғысын білдірді. Ал кейін өз парақшасында алдағы уақытта кездесетіні туралы хабарлаған.
"Бірге жаттығуды ұсынған Фируза Шәріповаға алғыс білдіремін. Жақын арада кездесетін боламыз. Геннадий Головкиннің бізге деген сенімін ақтаймыз. P.S. Мен ешнәрседен қорықпаймын",- деп әнші жаттығудағы видеосын жариялады.
19 ақпан 2019 ж. 1 844 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930