Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білекті балуан

Білекті балуан

Жауырыны жер иіскемеген біздің бабалар күрескенін жығып, алысқанын атып ұрған. 10 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысқан Олжасты көрген сәтте сөз жоқ сол бір қазақтың батырын кездестіргендей күйде боласың. Бойы екі метрге жақындайтын оның салмағы жүз келіге жетіп қалады.
Бұл күнде Олжас Сырлыбай Талғар қаласындағы AIBA бокс Академиясында грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы сапында оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Осынау кешенде біздің сайдың тасындай іріктелген жігіттер келер жылы Токиода өтетін Олимпиа­да ойындарына тыңғылықты дайындалуда. Балуандар оған дейін әлемдік ұпай беретін бірнеше дүбірлі додаға қатысады. Амандық болса, ақпанның 26 жұлдызында ұлттық құраманың бас бапкері Нұрым Дүйсеновпен бірге Болгарияда өтетін халықаралық турнирге аттанады. Біздің жерлесіміз үшін бұл доданың маңызы ерекше.
– Бұл турнир арқылы мен өзімнің олимпиада чемпионы болсам деген басты арманыма бір қадам жақындай түспекпін. Сол үшін рейтингілік ұпай беретін жарыстарда барымды саламын. Өзіме үміт артқан жандарды жерге қаратпауға тырысамын, – дейді талай сайыста топ жарған жеңімпаз.
Талапты да талантты ұлдың бұған дейін де қол жеткізген жетістіктері аз емес. Олардың басты-бастыларына тоқталар болсақ, Олжас Сырлыбай 2014 жылы жастар арасындағы ел чемпионы. 2015 жылы Алматы қаласында Олимпиада чемпионы Ж.Үшкемпіров атындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, спорт шебері нормативін орындады. Мұнан кейін 2017 жылы Тайпейде өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде қола медальға қол жеткізді. Ал биыл 4-10 ақпан күндері Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасында да қола медаль иемденді.
Бұл күндері грек-рим күресінен олимпиадалық құрамда жүрген Олжастың алғашқы жаттықтырушылары әкелі-балалы Сапарбек, Қанат Көбегеновтер. Талай мықты шәкірттер дайындаған Сапарбек Көбегеновпен әңгімелескенімізде, Олжастың жастайынан жеңіске деген жігерлілігі мен еңбекқорлығы ерекше болғанын жеткізді.
– Олжас өзі қатысқан жарыстардан міндетті түрде жүлдегер болып қайтатын. Айтқаныңды екі етпей орындап, қарсыласын қалай болғанда да шаң қаптырып кететін. Жалпы оның осындай шебер спортшы атануына бірнеше фактор әсер етті десек, соның бірі өзімен қатарлас жаттыққан балуандардың мықты болуынан деп есептеймін. Мәселен, Олжаспен бірге күреске қатысқан Бағдат Үсенов, Еламан Аюп, Руслан Тұрсынбек, Әлзақ Мейірмандар өздерін дәлелдеген спортшылар, – дейді алғашқы бапкері.
Ауданымызда “алтындар ұстаханасы” атанған №249 мектеп-лицейдің түлегі Олжас Сырлыбай қазіргі таңда Алматыдағы спорт академиясының 2 курсында оқып жатыр. Арманы асқақ, мақсаты айқын жерлесімізге тек қана сәттілік тілейміз.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
26 ақпан 2019 ж. 901 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930