Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің промоутері GGG-дің келесі қарсыласы кім екенін айтты

Головкиннің промоутері GGG-дің келесі қарсыласы кім екенін айтты

  Промоутердің сөзінше, жапондық боксшымен жұдырықтасуды Токио қаласында өткізген жөн.
  Егер Головкин-Мурата арасындағы кездесу өтіп жатса, жекпе-жекті ESPN арнасы көрсететін болады.
  Геннадий Головкиннің промоутері Том Лефлер боксшының тобы WBA-ның тұрақты чемпионы Риото Муратамен жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытып отырғанын айтты. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
  "Мәселе Геннадийдің белбеулерінде емес. Көптеген БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер Головкин өз белбеулерін сақтап қалу керектігін айтып жатыр. Алайда, бүгінде GGG барлық марапаттар мен мадақтардан әлдеқайда жоғары" , - дейді Лефлер.
  Том Лефлер қазақстандық боксшыға қолдау білдірушілердің көпшілігі оның чемпион атанатынына кәміл сенімді екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол Головкиннің бүгінгі күні басқа да жақсы жоспарлары бар екенін де атап өтті.
  Риото Мурата 20 қазанда Лас-Вегас қаласында өз WBA титулын қорғап шығу керек.
  Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жекпе-жегінде мансабындағы алғаш рет жеңіліс тапты. Оған қоса, боксшылар арасындағы үшінші кездесу қашан өтуі мүмкін екені жайлы ақпарат тараған. Жекпе-жектен соң, GGG өзін чемпион санайтынын жеткізіп, әлі оралатынын ескерткен.
17 қазан 2018 ж. 954 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930