Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда хоккейге арналған тегін алаң ашылды

Алматыда хоккейге арналған тегін алаң ашылды


Алматыда жаңа үлкен хоккей алаңы ашылды. Ақпараттық және спорттық ХАБ таратқан мәліметке қарағанда оның көлемі 714 шаршы метрді құрайды.
Ол Бостандық ауданы, Орбита-1 ықшам ауданы, Біржан көшесі, 16,17,18,19-ші үйлердің арасында орналасқан.
- Біз бүгінгі күнді осы мұз айдынының екінші туған күні деп санайтын боламыз. Алғашқысы 1988-ші жылы, 30 жыл бұрын салынған еді. Осы жолы жаңартылып, қалпына келтірді. Біз өте қуаныштымыз, қыс мезгілін асыға күтетін боламыз,- деді қала тұрғыны, Орбита ауесқой хоккей командасының бапкері Валерий Паршаков.
Ол хоккей бапкері болып 35 жыл жұмыс істеп келе жатқанын айтып, өзінің ауесқой аула командасымен бірнеше жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алғанын есіне алды.
Бұл алаңның ресми ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек келіп, тұрғындармен жолықты, ал олар өз тарапынан қала әкіміне алғысын білдірді.
Ең бірінші болып бұл алаңды Алматы хоккей командасының жас спортшылары мен спорт мектептердің шорт-трекшілері сынап көрді. Олар роликпен жаттығу өткізіп, қорапшаның сапасын тексерді.
- Бұл қорапша өте керемет. Алматының жас спортшылары өздерін еркін сезініп, жақсы жаттығу өткізді. Осындай алаңдар қалада көп салынса, хоккей жақсы дамитын болады, - деп «Алматы» ХК жастарын дайындайтын бапкер Дмитрий Вилкин өз ойын білдірді.
Айта кетсек, бұл алаң кез келген келушіге тегін. Жазда бұл жерде ролик теуіп, ал, қыста конькимен сырғанауға болады.


09 тамыз 2018 ж. 1 840 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031