Ердоғанмен түскен фото Озилдің құрамадан кетуіне себеп болды
Футболшы Месут Озил Германия құрамасынан кеткенін жариялады. Оның бұл шешімі не үшін дауға айналды? Бұл шуға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қандай қатысы бар?
Осы аптаның басында ұлты түрік футболшы Месут Озил енді Германия құрамасында ойнамайтынын мәлімдеді. Ол Германия футбол федерациясының президенті Райнхард Гриндельді расизмге жол берді деп айыптайды.
ШУ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?
2018 жылы мамырдың 14-і күні Месут Озил мен тағы бір Германия құрамасының ойыншысы, ұлты түрік Илкай Гюндоган Түркия президенті Режеп Тайып Ероғанмен кездесіп, суретке түскен.
Гюндоган өзі ойнайтын «Манчестер Сити» футбол клубының жейдесін Ердоғанға сыйға тартқан. Жейдеде түрікше «Менің құрметті президентіме» деп жазылған еді. Фотоны сол уақытта Ердоғанмен бірге сайлауға дайындалып жатқан «Әділет және даму партиясының» Instagram парақшасында жариялады. Осыдан кейін Германияда жанкүйерлер Озил мен Гюндоганның Ердоғанмен кездесуін жаппай сынай бастады.
Германия футбол федерациясының президенді Райнхард Гриндель Ердоғанды «құндылықтарға бей-жай қарады» және «екі футболшыны өзінің сайлауалды үгіт-насихатына пайдаланды» деп айыптады. «Германияға альтернатива» партиясы екі футболшыны ұлттық құрамадан шектеуді ұсынды. Демалыста жүрген Озил мен Гюндоган мамырдың 14-і күні шұғыл түрде Берлинге келіп, Германия президенті Франк-Вальер Штайнмайермен, үлттық құрама бапкері Йоахим Левпен кездесті. Штайнмайер екі футболшымен сөйлесіп, «түсініспеушілікті шешкендерін» жазды. Осыдан кейін дау басылғандай болған.
ДАУ ҚАЛАЙ ӨРШІДІ?
Германия құрамасы бір ай бұрын Ресейде аяқталған әлем чемпионатында Мексика мен Оңтүстік Кореядан жеңіліп, топтық кезеңнен шыға алмай қалды. Осы сәтсіздіктен кейін Германияда Озил-Гюндоган-Ердоған үштігінің фотосы қайта талқылана бастады. Шілденің 8-і күні Германия футбол федерациясының президенті Райнхард Гриндель Озил мен Гюндоганнан әрекеттеріне жауап беруді талап етті. Гюндоган ашық түрде кешірім сұрамаса да, бұл әрекетінде саяси астар жоқ екенін айтты. Ал Озил ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Тек жарты айдай уақыт өткен соң Twitter желісіне хат жариялап, Германия құрамасынан кеткенін хабарлады