Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия ойындары: Қазақстаннан 524 атлет қатысады

Азия ойындары: Қазақстаннан 524 атлет қатысады

Ойынның ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Осы аралықта сары құрлықтағы 45 елдің 15 мыңнан астам өкілі 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Ойынның ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.
Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 524 атлет (262 ер, 262 әйел) апарады.
Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні 27, қалған үшеуі - олимпиадалық емес спорт түрі.
Сонымен қатар, алдағы додада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады
Сондай-ақ спорттың 4 түрінен: таеквондо, дзюдо, триатлон, бадминтоннан рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.
Айта кетейік, Азия ойындары- Азиада деп те аталады - Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) басқаруымен Азия құрлығының спортшылары арасында 4 жылда бір рет өтетін кешенді спорттық жарыс.
Халықаралық Олимпиада комитеті ресми түрде континенттік ойындар ретінде таныған.
Қазақстан 1994 жылдан бері Азия ойындарына сегізінші рет қатысады.
22 қыркүйек 2023 ж. 335 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930