Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » VI жазғы спартакиаданың ашылу рәсімі Таразда өтеді

VI жазғы спартакиаданың ашылу рәсімі Таразда өтеді

Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарының және 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында ұйымдастырылып отырған VI жазғы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2023 жылдың 30 мамырында Тараз қаласында өтеді, деп хабарлайды sn.kz
Бұл туралы Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстанның жазғы спартакиадасы - еліміздегі ең маңызды бұқаралық спорттық іс-шара. 2003 жылдан бастап әр 4 жыл сайын Жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында өткізіліп келеді. Ойындарға еліміздің барлық өңірінен 27 спорт түрі бойынша 10 мыңнан аса спортшы қатысып, бақ сынайды.
Мұнда грек-рим күресі, әйелдер күресі, еркін күрес, таеквондо, үстел теннисі, тректегі велосипед спорты, семсерлесу, спорттық гимнастика, батут гимнастикасы, бокс (әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), көркем гимнастика, волейбол (ерлер,әйелдер), дзюдо (ерлер, әйелдер), су добы (ерлер, әйелдер), қол добы (ерлер, әйелдер), садақ ату, байдарка мен каноэде есу, жүзу, велосипед спорты (тас жол), жеңіл атлетика, ауыр атлетика, оқпен ату, теннис, триатлон, стенд ату, бокс (ерлер) сынды спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.
Спартакиада бағдарламасына енетін 27 спорт түрінің 3 спорт түрі Тараз қаласында өтеді. Олар – су добы (ерлер, әйелдер), волейбол (ерлер, әйелдер) және дзюдо (ерлер, әйелдер).
23 мамыр 2023 ж. 295 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031