Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр рухы ардақталды

Батыр рухы ардақталды

Өткен сенбіде Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей базасында Қазалы аудандық білім бөлімі Кеңес одағының батыры Талғат Бегелдиновтің 100 жылдығына арналған алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында әскери – қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс өтті.
Әскери-қолданбалы спорт түрінен өткізілген жарыста қатысушылар «Кермеде тартылу», «Арқаға жатып денені көтеру», АК-74 бөлшектеу және жинақтау», «Оқжатарға патрондар жарақтау», «Китан сайысы ГП-5 газқағарды кию», «Нысананы уақытқа құлату» мен «Пневматикалық винтовкадан ату сайысы» және «Командалық кросс 800 метр» шарттар бойынша бақ сынады.
Аталмыш сайыста білім беру мекемелерінің мұғалімдері өздерінің жоғары дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті.
Атап айтар болсақ, «АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинау» әскери-қолданбалы спорт түрінен І орынды оқ бойы оза шауып, №97 мектептің АӘТД пәні мұғалімі Амантай Ахша иемденсе, ІІ орын №70 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Бауыржан Нұрманов алды. Ал №104мектеп АӘТД пәні мұғалімі Азамат Жиеналиев осы үздік үштіктің қатарынан көрінді.
«Оқжатарға патрондарды жарақтау» бойынша өткен бәсекеде І орын №25 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Жәнібек Асаубай жеңіп алды. Ал ІІ орынды №95 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Ғани Оразымбетов қанжығасына байласа, ІІІ орын №16мектеп АӘТД пәні мұғалімі Талғат Махамбетке бұйырды.
«Пневматикалық винтовкадан №8 нысанаға оқ ату» кезеңі бойынша өткен сайыста №94 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Алмат Аралбаев үздік деп танылып, І орынды алды. Жүлделі ІІ орынды №238 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Нұртілек Әбжами иеленсе, № 104мектеп АӘТД пәні мұғалімі Жәнібек Нұрбай ІІІ орынға жайғасты.
Ал «Нысананы жылдамдыққа құлату» бойынша қырағылық танытқан №104 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Азамат Жиеналиев І орынды жеңіп алса, ІІ орынға №94 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Алмат Аралбаев жайғасты. ІІІ орын №96мектеп АӘТД пәні мұғалімі  Қайсар Меңділла қанағат тұтты.
Сонымен қатар «Капитандар сайысы (ОЗК уақытқа киу)» бойынша өткен кезеңде өзінің көшбасшылығын көрсете білген №104 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Азамат Жиеналиев І орыннан көрінді. ІІ орынды №93 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Жеңісбек Жолдасбек иеленсе, ІІІ орынға № 266мектеп АӘТД пәні мұғалімі Еркін Бердалиев жайғасты.
Воркаут спортына жататын «Белтемірге тартылу» кезеңінде өзінің ептілігін көрсете білген №70 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Бауыржан Нұрманов үштікті бастады. Ал ІІ орынға №70 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Нұртілек Әбжәли орналасса, ІІІ орын №104мектеп АӘТД пәні мұғалімі Қайсар Меңділлаға бұйырды.
Сондай-ақ «7.800 метрге кросс жүгіруде» шашасына шаң жұқпаған, жүйрік азамат №90 мектеп АӘТД пәні мұғалімі Асқар Изтелеуов бәсекелестікте қарсыластарына ешбір мүмкіндік қалдырмай І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орынға көз ілеспес шапшаңдығымен №103мектеп АӘТД пәні мұғалімі Жалдыбаев Алмас жайғасты. ІІІ орынды №91мектеп АӘТД пәні мұғалімі Қонысбай Әлмұрат иеленді.
Осылайша батыр рухын ардақтау мақсатында ұйымдастырылған сайыс өз мәресіне жетіп, ұйымдастырушылар қатысушы талабы таудай мұғалімдерге шексіз алғысын айта отырып қорытындылады.

Серік АҚМЫРЗА
30 қараша 2022 ж. 530 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031