«Барселона» — «Рома»: ойынға шолу
«Барселона» 1/8 финалдың алғашқы ойынында қонақта «Челсимен» тең тарқасты. Ал екінші ойында лондоқтарды 3:0 есебімен жеңіп, ¼ финалға жолдама алған болатын.
«Рома» сырт алаңда «Шахтерге» 1:2 есебімен есе жібергенімен, өз алаңдарында жеңіске жетіп, 1/4 –ға шықты. Каталондықтар былтырғы «Ювентуспен» ойыннан кейін жеңіліп көрмеген. Оның үстіне өз қақпаларына тек екі гол өткізген. «Рома» бұл маусымда жеңіс пен жеңілісті қатар өткізіп келе жатыр. Қонақта өткен соңғы 14 ойынның біреуінде ғана жеңіске жеткен. Ол жолғы римдіктердің «құрбаны» әзірбайжандық «Карабах» болған.
«Барселона»
Каталондық клубтың треблден үміті бар. Ла Лигада жеңіс тұғырынан көрінуге мүмкіндері мол. Испания кубогының финалда өнер көрсетеді. «Барселона» қонақта әлсіз болғанымен, өз алаңдарында ең қауіпті командалардың бірі. 2009 жылы өз алаңдарында «Рубиннен» ұтылғаннан кейін, тек бір-ақ рет, 2013 жылы «Бавариядан» жеңілді. Одан кейін «Камп Ноуда» өткен 23 кездесудің екеуінде ғана тең тарқасқан. Оның үстіне «блаугранастар» италиялықтарға өз алаңдарында 12 матч қатарынан жеңілмеген. Тек өткен маусымда ғана «Ювентуспен» тең есеп тіркейді. Вальверде командасының былтырғы маусыммен салыстырғанда қорғанысы нығая түскен.
«Рома»
«Рома» өз кезегінде 1983 жылдан кейін ЧЛ-ның ¼ финалына жолдама алмаған. Қазір команданың қайта өрлеу кезеңі басталғандай. Бірақ ішкі біріншіліктегі 2 апталық үзіліс «Романың» ойынына әсер етсе керек, «Болоньямен» өткен ойында қарсыластардан айлаларын асыра алмайды.
Эрнесто Вальверде, «Барселонаның» бас бапкері: «Егер «Романың» топтық кезеңдегі ойындарын бақылаған болсаңыз, осы кезеңге жеткендеріне таңғалмаушы едіңіздер. Олар қорғаныста өте сауатты ойнайды және шабуылда өз тактикаларын қолданады. Бұл – ЧЛ-ның ¼ финалы. Бұл жерде ешнәрсе оңай шешілмейді. «Камп Ноуда» жанкүйерлеріңізден үлкен қолдау күтемін».
Эусабио ди Франческо, «Романың» бас бапкері: «Рома» осы кезеңге өту арқылы өзінің жаңа дәрежеге көтерілгенін дәлелдеді. «Барселона» өзінің футбол ойнаудағы менталитетімен мақтана алады. Біз де соны көрсете білуіміз керек. Өз мүмкіндіктерімізді барынша пайдалануымыз қажет. Өз футболымызды ойнаймыз».