Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналду чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Роналду чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында бір клуб сапында 100 гол соққан бірінші футболшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. «Реал» сапындағы өзінің жүзінші голын Роналду Чемпиондар лигасының 1/8 финалында франциялық «Пари Сен-Жермен» клубына қарсы өткен кездесуде соқты. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында аргентиналық шабуылшы Лионель Месси тұр. Ол «Барселона» сапында 97 гол соққан. «ПСЖ» клубына қарсы кездесудің екінші таймында Роналду 101-голын соқты. Осылайша португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасының сегіз ойынында қатарынан қанжығасын майлады. Еске салайық, «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен бұл кездесу 3:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Бірінші болып қонақтар есеп ашқанмен, Зиннедин Зидан шәкірттері жеңіске бастар жолды таба білді. 33 минутта Адриен Рабьо Неймардың қалдырған пасынан кейін париждік команданы алға шығарды. Әйтсе де бірінші тайм аяқталғанша Роналду пенальтиден есеп теңестіре білді. Ойынның аяқталуына 10 минутта уақыт қалғанда Исконың орнына Марко Асенсио шықты. Зиданның бұл ойыншы алмастыруы сәтті болды. Асенсио «Реалға» жеңіс сыйлаған голдардың соғылуына зор септігін тигізді. 83 минутта Роналду алдына келген допты тізесімен бағыттап, алаң иелерін алға шығарды. Араға 3 минут сала Марсело мадридтіктердің үшінші голын соқты.
15 ақпан 2018 ж. 1 557 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031