Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті

Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті

Мұз айдыны спорт кешенінде тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер мен әйелдер арасында өткен чемпионат қорытындыланды, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Қызылорда өңірінде өткен чемпионатқа республикамыздан 14 команда, 105 спортшы қатысты.
Марапаттау рәсімінде ҚР Ұлттық құрама командасының аға бапкері Жақапбаева Айнұр Абсадыққызы құттықтау сөз сөйлеп, елімізде тоғызқұмалақ ұлттық ойынын дамытуға қосқан үлесі үшін спорт ардагері Ким Юрий Федоровичке Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясының «Тоғызқұмалақ қайраткері» белгісін табыстады.
Сонымен бірге, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл, Ұлттық құрама командасының аға бапкері Жақапбаева Айнұр және спорт ардагері Ким Юрий Федорович жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
 7 күн бойы жалғасқан жеңіске деген ұмтылыс пен қажырлы қайраттың нәтижесінде үздік спортшылар:

Әйелдер арасында:
Қарағанды облысынан Қожанәсіп Аңсаған 1 орын
Түркістан облысынан Далиева Әсел 2 орын
Ақтөбе облысынан Алдабергенова Гүлжанат  3 орын
Түркістан облысынан Каримова Лина 3 орын

Ерлер арасында:
Шымкент қаласынан Темірбаев Ғалымжан 1 орын, Қызылорда облысынан Бостандықов Бексұлтан 2 орын, Ақөтөбе облысынан Қабиев Нұрбек 3 орын, Қызылорда облысынан Әлайдар Ермұхамед 3 орын иегері атанды.
Сыр өңірінен Бостандықов Бексұлтан биылғы жылдың сәуір айында Анталияда өтетін Тоғызқұмалақтан Әлем Чемпионатына жолдама жеңіп алды.

03 ақпан 2022 ж. 842 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 307

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031