Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталады

Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталады

Қызылордада 12 сәуір күні велоспорттан жастар арасында көпкүндік Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.
Қызылорда қаласында қатарынан бесінші мәрте ұйымдастырылғалы отырған жарысқа еліміздің барлық облыстарынан және Астана мен Алматы қаласынан 150-дей велошабандоз қатысады. Додада 25 шақырымдық жекелей жарыс, 100 және 70-80 шақырым қашықтықта топтық жарыстардың жүлделері сарапқа салынады. Бұл жарыстың мақсаты - еліміздің құрама командасын жасақтау үшін мықты спортшыларды айқындау, велоспортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Жарыстың құрметті қонағы ретінде тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиев шақырылды. Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының ұйымдастыруымен өтеді. Жарыстың салтанатты ашылуы 12 сәуір күні сағат 10.00-де, бағдарлама бойынша жарыс күн сайын сағат 10.30-да басталады. Ел чемпионаты 16 сәуірге дейін жалғасады.
12 сәуір 2018 ж. 1 369 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31