Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

Оқушылар сарайында мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды. Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, тоғызқұмалақтан ҚР бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жарыстың бас төрешісі Айнұр Жақапбаева және облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының президенті, Н.Ергешбаевтың ұлы Әбдіқадыр Ергешбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстанның он бір облысынан 20 команда 220 спортшы шеберлік байқасуда.
Айта кетейік, биылғы бәсекеге Қытай мен Ауғанстан ойыншылары тұңғыш рет қатысуда. Былтырдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, маңызы арта түсуде.
Жарыс классика бойынша 9 турда жас ерекшелігіне сәйкес төрт топта өткізіледі.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 6 наурыз күні белгілі болады.
03 наурыз 2018 ж. 1 359 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930