Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионы атанды

Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Ел чемпионатында Қызылорда облысының командасы жоғары жетістікке жетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Команда құрамында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов, спорт шебері Бексұлтан Бостандықов және спорт шеберіне үміткерлер Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир Ахметов шеберлік байқасты.

Ұлттық ойын ұлықталған дүбірлі додада 4 спортшы, Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир Ахметов Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

Жарысқа 13 команда қатысты, жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласы екінші орын, Павлодар облысы үшінші орынды иеленді.

Енді ағымдағы жылдың 14-20 ақпан аралығында Көкшетауда әйелдер арасында өтетін ҚР командалық чемпионатына Қызылорда құрамасы қатысады.
28 қаңтар 2019 ж. 1 505 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 199

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930